10.05.2022, 10:04
Оқылды: 108

Ким Чен Ын Путинді Жеңіс күнімен құттықтады

Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын Ресей президенті Владимир Путинді Жеңіс күнімен құттықтады.
a0bcd8fd249142859dfd665c449ff9db
Сурет: pixabay

Кореяның Орталық телеграф агенттігі таратқан ақпарат бойынша, Солтүстік Корея басшысы «Ресей халқының дұшпандық күштерден саяси және әскери қауіп-қатер мен бопсалауды жою, сондай-ақ олардың абыройын, мемлекеттің тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғау ісімен берік ынтымақтастығын» білдірді.

Сонымен қатар, ол КХДР мен Ресей арасындағы дәстүрлі достық қарым-қатынастар үздіксіз нығайып, дами беретініне сенім білдірді.

Дереккөз: zakon.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале