3.08.2022, 10:30
Оқылды: 79

Кипрде маймыл шешегін жұқтырудың алғашқы жағдайы анықталды

Кипрдің денсаулық сақтау министрлігі сейсенбіде Жерорта теңізінің шығысындағы арал елінде маймыл шешегі ауруын жұқтырудың алғашқы фактісі расталғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ABC News басылымына сілтеме жасап.

4

Фото: static.scientificamerican.com

Ауру 40 жастағы ер адамнан Кипр астанасындағы жалпы ауруханада зертханалық тексеруден өткеннен кейін анықталды. Науқаста маймыл шешегі ауруының клиникалық белгілері байқалған. Ер адамның шетелге жиі шыққаны белгілі болды. Науқас маймыл шешегін емдеуге арналған Никосия жалпы профильді ауруханасының арнайы жабдықталған бөлмесіне жатқызылды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, 27 шілдедегі жағдай бойынша, дүниежүзінің 78 елінде 18 мыңнан астам адам маймыл шешегін жұқтырған және бес адам қайтыс болған. Аурудың 70 пайыздан астамы Еуропада, 25 пайызы Америкада анықталған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале