30.11.2021, 17:25
Оқылды: 120

Кірпіш зауыты техникалық жаңаруда

Кеше облыс әкімі Ғали Есқалиев «Батыс Қазақстан құрылыс материалдары корпорациясы» АҚ-ның былтыр іске қосылған жұмыс кеңсесінде және кірпіш зауытында болып, өндірістік цехтарды аралап, жұмыс жағдайымен танысты. 

F95841AC-F96D-497D-A04C-67584BC76AA5

Корпорация құрылыста пайдаланылатын материалдарды, соның ішінде силикатты кірпіш, әк, құрғақ құрылыс қоспалары, қуысты бетон және басқа да материалдар шығаруға әбден маманданған. Жергілікті өндірісшінің барлық өнімі сертификатталған. Облыстағы құрылыс материалдарына сұраныстың артуына орай корпорацияға қарасты кірпіш зауытында жаңа жобалар іске асырылуда.

293384A8-1FBE-44EA-8070-75A748C04223

8DDE9670-498C-41B6-BDCA-6270B22BFEE7

– Жылына 50 миллионға дейін кірпіш шығарылады. Өндірістік цехтарда 1977 жылы құрылған пресс қондырғылар жұмыс істеп тұр. Содан бергі уақыт ішінде бұл жабдықтар әбден ескірді. Сондықтан заман талабына сай өндіріс орнын техникалық жағынан жаңарту жұмыстарын қолға алудамыз. Немістің «Ласко» компаниясымен келісімшарт жасап, қажетті жабдықтың бірінші төлемін аудардық. Олар біздің тапсырысымыз бойынша жабдық құрастыруға кірісті. 2022 жылдың тамыз айында жаңа жабдықты әкеліп, орнатамыз. Қосымша кірпіш өндіруге мүмкіндік аламыз.  Осы жоспарланған шаруалар кедергісіз орындалар болса, зауыт жылына 60-70 миллион дана силикатты кірпіш шығарады. Аталмыш акционерлік қоғам мемлекеттік қолдау-көмекке иек артуда.

70D97DF5-5448-4A4D-A651-5B1AF6CEA5D2

4663D58B-3179-40B5-9B4A-6CE271329EC4

«Қазақстандағы «Сбербанк» АҚ ЕБ-дан 1,5 млрд. теңге несие алуға келісілді. Оның 25%-ы «БҚҚМК» АҚ-ның қаражаты болса, қалған шамасын аталмыш банк жеті жылға несиеге береді. Бұл несиелік қаражат «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры филиалы арқылы   несиенің пайыздық мөлшерлемесі субсидияланады,  –  деп түсіндірді облыс әкіміне мән-жайды аталмыш акционерлік қоғамның бас директоры Мұқаметжан Кенжеғұлов.

6D1852CE-EFC0-4022-AB66-F71B99BFE3ED

1408E146-A535-44D2-A927-6A6DEF8E975D

Бас директордың сөзіне сүйенсек, жаңа пресс қондырғылар алынып, іске қосылғанда, өнім көлемі де ұлғайып, 60 млн. дана кірпіш шығарылады. Сонда сонша кірпішті шығаруға жұмсалатын көгілдір отын  көлемі де өсуі тиіс. Соған орай корпорация басшылығы «ҚазТрансГазАймақ» компаниясына келесі жылға өндірістік үрдістерге қажетті 13-14 млн. текше метр газ бөлуге тапсырыс берді. Бірақ тапсырыс қанағаттандырылмай, алдағы жылға  6,7 млн. текше метр газ бөлінді. Бұл қажетті газдың тек 50%-ын ғана құрайды. Газбен жабдықтаушылар кәсіпорынға алдағы  бес жылға жыл сайын осы көлемнен артық көгілдір отын бере алмайтындарын, отынның тапшы екенін алға тартады. Кәсіпорында 20 жыл бой қызмет етіп келемін, бұрын мұндай түйткілді мәселе болмайтын»,  –  деп Мұқаметжан Айсабайұлы өңір басшысына нақ осы мәселенің шешілуіне назар аударуды сұрады.

5D6D63E7-E0E1-4449-A53D-35E91AD26DF5

Гүлбаршын Әжігереева,

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале