9.01.2024, 15:23
Оқылды: 68

Қоғам дамуына серпін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетіне бер­ген сұхбатында қоғамдағы өзекті мәселелерді көтеріп, оны шешу жолдарын ұсынды. Сұхбат халыққа қызмет етіп жүрген азаматтарға бағыт-бағдар бе­рер нұсқаулық болуға тиіс.

2024_01_09_21de4fa5-f087-458f-b2ae-e4eb4f472223 — копия

Президенттің ат үстінде жүрген аза­мат­тардың әрдайым бастамашыл, нақты ісі­мен елге пайда әкелуі қажет деген сөзі  өршіл рухты мінезі болуы керек деген оймен үндеседі. Яғни рухты мінез маңызды ше­шімдер қабылдауда маңызға ие.

Біз Мемлекет басшысының бастамасы­мен кейінгі екі жылда көптеген маңызды реформаны іске асырып жатырмыз. Ел тарихында тұңғыш рет ауыл және аудан әкімдерін ашық сайлауды бастадық. Осын­дай көптеген өзгеріс Қасым-Жомарт Кемел­ұлының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында жү­зеге асып келеді.

Президент сұхбатында атап айтқандай, хал­қымыздың қуатын арттыру, табысқа жетелеу жолында аянбай жұмыс істейтін боламыз. Батыс Қазақстан облысы бұл тұрғыда келелі істерді атқаратын болады. Халықты алаңдататын әлеуметтік мәсе­лелерді шешу  біз үшін басты міндет бол­мақ.

Осы жылы Мемлекет басшысының тап­сырмасына сәйкес өңір экономикасын кө­теру, білім беру, мәдениет, денсаулық сақ­тау, ауылдарды дамыту салаларында бір­қатар жобаны іске асыру жоспарымызда бар.

Өткен жылды жақсы көрсеткіштермен аяқтадық. Облыста халық игілігі жолында 17 мектеп, 12 медициналық, 2 мәдениет, 3 спорттық нысан ғимараттары қолданысқа берілді. Республикалық және облыстық маңызы бар 617 километр жол жөндеуден өтті. Сондай-ақ жергілікті деңгейдегі 312 километр жол жөнделді. Өңір тұрғындары үшін 73 тұрғын үй қолданысқа берілді. Ауыз су мәселесі де шешімін тапты. Биыл 47 ауылда жаңа су құбырлары салынып, таза ауыз сумен қамтылды. Өңір эко­номикасын әртараптандыру үшін алдағы 5 жыл ішінде 2,4 трлн теңгеге 70 ин­вестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Осының арқасында мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады.

Мемлекет басшысы ауылдарды дамыту, жергілікті елді мекендерде тұратын тұрғындардың әл-ауқатын арттыру бас­ты міндетіміз екенін атап өткен болатын. Осының аясында «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 2023 жылға республикалық бюджеттен облысымызға 6,4 млрд теңге кредиттік қаражат бөлінді. Қазіргі таңда бағдарлама аясында өңір бойынша өтініш білдірген 934 азаматқа 6,2 млрд теңге несие берілді. Берілген қара­жат ауылдық аймақтарда тұрып жат­қан іскер азаматтардың кәсібін дамытуға көмек береді.

Қазіргі таңда облыста 270 ауылшаруа­шылық кооперативтері жұмыс істейді. Со­ның ішінде өткен жылы 49 жаңа коо­ператив ашылып, «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жеңілдетілген несиеге қол жеткізді.

Президенттің тапсырмасы аясында өткен жылы елімізде ауылдық аймақтарды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданды. Құжат аясында өңірде халықты қаладан ауылдық жерлерге көшіру бағдарламасын іске асыратын боламыз. Бұл бағдарлама Пре­зи­дент сұхбатында атап көрсеткендей, аза­маттардың әл-ауқатын көтеруге бағыт­та­латын болады.

Кейінгі жылдары халықтың ауылға көшу үрдісі байқалып тұр. Кейінгі 3 жылда ауылдық жерлерге 3 616 адам қоныс аударған. Қаладан ауылға көшу – кезінде ауылдан көшіп кеткен азаматтар ауылға қайта оралып, өз ісін ашып, қасиетті қара шаңырақты қайта түлетеді деген сөз.

Біз ауылға көшіп барамын деген азамат­тар­ға өз тарапымыздан мемлекеттік бағ­дарламаларды пайдалана отырып және жергілікті бюджеттің мүмкіндіктерін ескере отырып барынша қолдау білдіреміз. Соның бірі ауылдық жерлерге барған дәрі­гер­лерге 2,5 млн теңгеден 5 млн тең­геге дейін қаржылай көмек көрсетілді. Алда­ғы жылдарда бұл қаражаттың көле­мін 5 млн теңгеден 8 млн теңгеге дейін көбейтуді жоспарлап отырмыз.

Бұдан бөлек, өңірде «Отбасы банк»-пен бірлесе 35 жасқа дейінгі жастарға жеңіл­детілген несие беріп, оларды тұрғын үй­мен қамтамасыз ету жұмыстарын қолға алып отырмыз. «Отбасы банк» арқылы тұрғын үй алуға 600 млн теңге көлемінде қаражат бөлінді. Осының аясында 40 жас отбасыны баспанамен қамту жоспарланып отыр. Облыста осындай маңызды бастамалар алдағы уақытта да жалғасады.

Президент сұхбатта бүгінге дейінгі жетістіктерді ой елегінен өткізіп, алдағы мақсат-міндеттерге барынша назар аударған. Барлық деңгейдегі шенеуніктер мен басшылар қоғамның тамырын тап баса білуге, азаматтардың мұң-мұқтажын тыңдап-түсінуге, соған сәйкес дер кезінде нәтижелі шаралар қабылдауға және дұрыс шешім шығаруға қабілетті болуы керек. Бұл – ең басты талап. «Олар «адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін» деген қағидатты берік ұстануға тиіс», деді Президент.

Мемлекет басшысы айтқандай, халық игілігі жолында шешім қабылдаудан қорықпай, баршамыз елге пайдасы тиетін нақты жұмыстарды атқаруымыз қажет. Президент сұхбатындағы бағыттар қоғам­ның дамуына серпін беретіні анық. Сон­дықтан Әділетті Қазақстанды құру жо­лында Президент көрсеткен басым ба­ғыттар аясында жұмысты жалғас­ты­ратын боламыз.

 

Нариман ТӨРЕҒАЛИЕВ,

Батыс Қазақстан

облысының әкімі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале