11.09.2023, 12:45
Оқылды: 116

«Қоқысты жинап шықты». Президент астаналық еріктілер мен белсенділерге алғыс айтты

Мемлекет басшысы Қазақстан ұлттық құрамасының жеңісі туралы жылы лебізін білдіріп, елордалық еріктілер мен белсенділерге алғыс айтты.

AC29DB87-2EA7-4A4C-9F71-84821B5AE51D

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Instagram парақшасында Қазақстан ұлттық құрамасының жеңісі туралы жазба жариялады.

Біздің ұлттық құраманың Солтүстік Ирландияның мықты командасымен алаңдағы кездесуін қызыға тамашаладым. Ойын өте қызықты әрі тартысты өтті. Қазақ футболшылары қарсылас командаға төтеп беріп, 1:0 есебімен лайықты жеңіске қол жеткізді. Қазақстан ұлттық құрамасы және олардың мыңдаған жанкүйері үшін қуаныштымын.

Әсіресе «Астана жастары» мен басқа да ұйымдар еріктілерінің, сондай-ақ жекелеген азаматтардың, белсенділердің үлгі аларлық ісін айрықша атап өткім келеді. Олар ойыннан соң стадионда қалып, трибунадағы қоқысты жинап шықты.

Футболшыларымызды және жастарымызды мақтан тұтамын, - деп жазды Мемлекет басшысы.

01ED3182-A7E7-449E-A3A5-4D89900B7A5F

FBA30010-9DA6-4560-B052-21312D566813

4FE9F710-13AE-49E0-8230-831B32C89B05

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале