8.11.2022, 15:30
Оқылды: 36

Қола жүлдеге қол жеткізді

2008-2009 жылдары туған еліміздің үздік жас волейболшы қыздары Ақтөбе қаласында жиналып, Қазақстан Республикасының күзгі чемпионатының жүлделерін сарапқа салды.

FB_IMG_1667902808883
Еліміздің ең үздік 16 волейбол командасы жиналған әуедоп бәсекелері тартысқа толы болды. Аталмыш сайыста облыс намысын "Грация" командасы қорғады.
Бір аптаға созылған жарыс қорытындысында алаң иелері саналған Ақтөбе облысының Хромтау қаласы мен Шығыс Қазақстан облысының намысын қорғаған "Алтай" командасын алға жіберген "Грация" волейболшылары қола медальға ие болды.

FB_IMG_1667902804621
Ал үздік ойын өрнегін көрсеткен Күнбөбек Саясатова жарыстың "Үздік ойыншысы" атанды.
-Ойындар өте тартысты өтті. 16 команда ішінен үздік үштікке ілігу – үлкен жетістік. Алда болатын басқа жарыстарда бұдан да биік нәтиже көрсетуге тырысамыз, - дейді волейболшы қыздардың бапкері Нұрсұлу Амангелдіқызы.

Түгелбай Бисен,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале