25.08.2022, 12:15
Оқылды: 194

Көлікте қысылып қалған екі адам құтқарылды

Бүгін таңертең сағат 09.18-де "101" пультіне Шолохов 7/1 мекенжайында жол-көлік оқиғасы болғаны жөнінде хабарлама келіп түсті.

WhatsApp Image 2022-08-25 at 12.03.12

Оқиға орнына шұғыл жеткен құтқарушылар жол-көлік оқиғасы нәтижесінде «Hyndai Solaris» автокөлігінде қысылып қалған 1974 азамат және 1988 жылы туған азаматшаны шығарып алып, жедел жәрдем қызметіне тапсырды. Құтқару шаралары сағат 09.43-те толықтай аяқталды. Оқиға орнында бір техника және алты құтқарушы жұмыс жасады.

БҚО ТЖД баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале