15.07.2020, 12:01
Оқылды: 184

Колледж түлектерінің ЖОО-ға түсуге мүмкіндігі мол

БҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен өткен брифингте карантин жағдайында университетке құжат тапсыру тәртібі жайлы айтылды.

628F367B-C3BB-4301-B68B-ECB6EE1BFDBF

Брифингте Жәңгір хан атындағы БҚАТУ ректоры, в.ғ.д., профессор Асқар Наметов:

- Республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен қысқартылған оқу мерзімін көздейтін жоғары білімі барлар білім беру гранты конкурсына қатысу үшін ҰБТ-дан өткен және оның нәтижелері бойынша кемінде 25 балл жинауы тиіс. Оның ішінде ҰБТ-ның әрбір пәні және (немесе) шығармашылық емтихан бойынша кемінде 5 балл жинау қажет.

Колледждегі біліктілігіне сәйкес ЖОО-дағы мамандықты таңдаса әңгімелесу нысаны арқылы оқуға түсе алады. Әңгімелесу нысаны 15-20 тамыз аралығында жүргізіледі.

Өту балын жинай алмай қалған түлектерге де ЖОО-ға түсуге мүмкіндіктер қарастырылған, - деді.

Тамыз айында ҰБТ тапсырып, ақылы бөлімге түсуге болады.

Университет арқылы Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университетіне (УММТУ) қабылдау емтихандарын тапсыруға да болады.

Бір ескерерлігі, ақылы бөлімге шартты негізде түсіп, бірінші семестрден кейін қаңтардағы ҰБТ-ны тапсыруға болады.

Сонымен бірге ақылы оқуға түсушілерге де болашақта грант иелену үшін мүмкіндіктер қарастырылған.

Босаған мемлекеттік білім беру гранттарына қатысуға мүмкіндік бар. Cонымен қатар аймақтық бюджеттен де гранттар бөлінеді. Оған қоса Жәңгір хан университеті 100% білім гранттарын бөледі. Оның ішіне «Алтын белгі» белгісімен марапатталған барлық талапкерлерге (конкурссыз), Халықаралық, республикалық, аймақаралық, облыстық спорттық жарыстардың, шығармашылық конкурстардың (фестивальдардың) жеңімпаздары мен жүлдегерлері үшін (конкурстық негізде), әлеуметтік сипаттағы гранттар (конкурстық негізде) оқуға түсе алады.

Студенттер контингентін қалыптастыру және мансап орталығының директоры Біржан Нұрғалиевтің айтуынша, оқу орнында физика-химия бейіндік пәндерін таңдаған талапкерлерге 60% жеңілдік жасалады. Оның үстіне оқу ақысын 20% жеңілдікпен төлейді.

Ол жеңілдіктерге мектеп түлектері, оның ішінде ҰБТ-да 80 балдан жоғары жинаған оқушылар, шығармашылық емтихандарда 100 балдан жоғары жинағандар, ҰБТ-да 50 балдан жоғары жинаған колледж түлектері енеді.

Ал оқу ақысына 10% жеңілдік алатындар қатарына мектеп түлектеріне оның ішінде ҰБТ-да 65-80 балл жинаған оқушылар, шығармашылық емтихандардан 80-100 балл жинағандар, ҰБТ-дан 40-50 балл жинаған колледж түлектері енеді.

Білікті маман болу үшін сандық технологиялармен дос болу басты ұстаным еткен Жәңгір хан университеті студенттерге түрлі бағытта пакеттер жасақтап отыр.

Пакеттер базасында білім беру пакеті, әлеуметтік пакет, жұмысқа орналастыру пакеті, екінші жоғары білімге арналған пакет, Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университетімен бірлескен оқу бағдарламасына мүмкіндік қарастырылған.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале