15.11.2026, 16:30
Оқылды: 64

Көлсайда 15 млрд теңгеге 6 км аспалы жол салынады

Алматы облысының ең көрікті орындарының бірінде аспалы жол салынады, деп хабарлайды qazaqparat_kz. 

InShot_20261115_010756541

Фото: QazAqparat_kz

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде Кеген ауданының әкімі Таңат Айдарбеков айтты.

Оның сөзінше, Көлсай көлдері ұлттық табиғи паркіне биыл 497 341 турист келген. 2025 жылдың 12 айында мұнда 600 026 турист аялдаған болатын. Ал аудандағы Кеген өткізу бекетінен Қырғыз Республикасына 2026 жылдың басынан 164 800 адам өткен.

Брифингте Таңат Айдарбеков Көлсайдағы екі көлді жалғайтын аспалы жол салынғалы жатқанын атап өтті. Жобамен «Строй Индустрия» ЖШС айналыспақ.

— Компания бірінші және екінші Көлсай көлдерін жалғайтын, жалпы ұзындығы 6,3 шақырым болатын аспалы жол салуды жоспарлап отыр. Жобаның жалпы инвестициялық құны — 15 млрд теңге. 90 жаңа жұмыс орыны ашылады. Қазіргі уақытта жобаны мемлекеттік сараптамадан өткізу үшін қажетті құжаттар дайындалып жатыр, — деді аудан әкімі.

Көлсайдағы аспалы жол екі бөліктен құралатын болады: бірінші бөлігінің ұзындығы — 3,5 шақырым, екінші бөлігінің ұзындығы — 2,8 шақырым. Бүгінде жобалау жұмыстары барысында 43 тірек бағанасын орнату орындары белгіленген.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале