20.01.2023, 9:15
Оқылды: 35

Комиссия мүшелері анықталды

 Орал қалалық мәслихатының XXIII кезектен тыс сессиясы өтті.

325899196_960182842079345_8272072191927881553_n
Сессияға қала әкімі Миржан Сатқанов, әкім орынбасары, ауылдық, кенттік округ әкімдері, бөлім басшылары және 22 депутаттың 19-ы қатысты. Орал қалалық мәслихатының аппарат басшысы Серік Дәулетов депутаттарды сайлау жөніндегі бір мандатты сайлау округтері бойынша сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру туралы баяндады. Орал қалалық мәслихаттарын сайлау үшін бір мандатты сайлау округтерінде 24 округтік сайлау комиссиясы құрылған.
Аталған сайлау комиссияларының құрамын тиісті мәслихаттар қалыптастырады. Мәслихаттар комиссия мүшелерін саяси партиялардың ұсыныстары негізінде сайлайды. Қаңтардың 1-15-і күндері аралығында бес партия ұсыныстарын жолдаған. Барлығы 120 орынға 120 өтініш берілген. Депутаттар округтік сайлау комиссиясы құрамының үміткерлерін бірауыздан қолдады.
С. Дәулетов сондай-ақ қалалық мәслихаттың «Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын сайлау туралы», «Орал қалалық мәслихаты аппаратының құрылымы туралы» №40-4 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімдері жөнінде баяндады.
Шаһар басшысы Миржан Мұнайдарұлы алдағы саяси науқанды әділ, ашық өткізетіндеріне сенім білдірді. «AMANAT» партиясы БҚО филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Кенесары Нұршинов Президент сайлауында елеулі еңбегімен көзге түскен бірнеше депутатты «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісімен және Мемлекет басшысының алғысхатымен марапаттады.

Айна Имашева,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале