31.08.2020, 15:17
Оқылды: 103

«Конституция – қорғанымыз»

ҚР Конституциясының 25 жылдығына арналған салтанатты шара Орал қаласының Достық үйінде жалғасты. Жиында облыс әкімі Ғали Есқалиев жиналған қауымды мерекемен құттықтап, өңірдегі этномәдени бірлестіктердің жетекшілеріне алғысхаттар табыс етті.

IMG-20200828-WA0127

– Конституция – бұл біз үшін өте маңызды және басты құжат. Туғаннан бастап біздің барлық құқығымыз Конституциямен қорғалған. Ата Заңның басты міндеті – еліміздің тәуелсіздігі мен тұрақтылығын, бейбітшілігін  қамтамасыз ету. Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді. Осы орайда Қазақстан халқы ассамблеясының қосқан үлесі зор. Республикамызды, соның ішінде облысымызды мекендеген ұлттар ынтымағының арқасында біз кез келген қиындықты жеңе аламыз. Коронавируспен күресте де этнос өкілдері облыстың медицина саласына қолдау білдіріп, қайырымдылық жасауда. Індеттің қаупі әлі де сейіле қойған жоқ. Бірақ біз өзара достықтың, бір-бірімізді қолдаудың арқасында індетті жеңіп шығамыз деп сенемін. Ең бастысы, отандастарымыздың татулығы мен ынтымағы арта берсін, - деді өңір басшысы Ғали Нәжімеденұлы.

IMG-20200828-WA0123

Шара барысында еліміздегі қоғамдық келісімнің нығаюына, Қазақстан халқының бірлігін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін бірқатар азаматтар мен этномәдени бірлестіктердің жетекшілері «Қазақстан халқы ассамблеясына – 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталды. Олардың қатарында БҚО Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары Ғайса Қапақов, «Ағайын» этномәдени бірлестігінің жетекшісі Мақсот Берген, «Масис» армян этномәдени бірлестігінің жетекшісі Аветик Амирханян, корей этномәдени бірлестігінің жетекшісі Виталий Ан, «Ламед» еврей этномәдени бірлестігінің жетекшісі Феликс Баюканский, «Бірлік» әзірбайжан этномәдени бірлестігінің жетекшісі Наджаф Мамедов, «Дүнген» этномәдени бірлестігінің жетекшісі Танзила Каримова, «Татар мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Флюра Миликеева бар.

 Гүлсезім Бияшева,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале