27.07.2022, 16:30
Оқылды: 1

Көптен күткен мектептің құрылысы басталды

Бүгін "AMANAT" партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының атқарушы хатшысы Мұрат Мұқаев облыстық білім басқармасының, денсаулық сақтау басқармасының, құрылыс басқармасының, энергетика және тұрғын-үй коммуналдық басқармасының басшылары, Теректі ауданы әкімі Тілек Габдушев, аудандық мәслихат хатшысы Әлжан Нұрғалиев және Ақсуат ауылының әкімі Жаннұр Ахметовпен бірге Теректі ауданы Ақсуат ауылына барып, мобильді қабылдау жүргізді.

IMG-20220727-WA0070

Ақсуат ауданында өткен мобильді қоғамдық қабылдауға 40-қа жуық ауыл тұрғыны келіп, басым көпшілігі әлеуметтік мәселелерді алға тартты.

IMG-20220727-WA0052

Басым көпшілік ауыл тұрғынының басты мәселесі – ауылішілік жолдардың салынуы. Жаңбыр жауса балшық болып, көлік тұрмақ адам жүруіне қиындық тудыратынын, жаз мезгілінде көлік өткеннен кейін шаң аспанға көтеріліп, тамаққа келіп тығылатындығын жеткізді. Сонымен қатар, ауылдағы электр желілерінің тозығы жетіп, күн райы бұзылғанда жарықсыз қалады. Ол да ертеңгі күнді күттірмей шешімін тауып жатса, құба-құп болатын жағдай.

IMG-20220727-WA0057

Тағы бір өзекті мәселе – балабақша мәселесі. Бүгінгі таңда жасап жатқан балабақшада бала саны толық, кезек күтіп тұрған бала саны да жетерлік. Екінші балабақшаның ашылуын халық асыға күтетінін жеткізді.

IMG-20220727-WA0058

Тағы бір өзекті мәселелердің бірі – Ақсуат ауылынан 20 км жерде орналасқан қоқыс полигоны. Ауылға тым жақын орналасқандықтан, ауыл тұрғындарына зиян келтіруде. Қоқыс полигонының иісі тұрғындардың да, балалардың да денсаулығына кері әсерін тигізіп, аллергия, тыныс алу жолдарына кедергі тудыруда.

Сондай-ақ, Магистральная ауылына кіреберіс жолының құрылысы да тұрғындар тарапынан айтылды.

IMG-20220727-WA0067

Ең көңіл қуантарлық жағдай, Ақсуат ауылдық округіне қатысты Пойма ауылында 108 балаға арналған екі қабаттық мектеп құрылысының бастау алуы. “КАстрой LTD” ЖШС мердігер компаниясының басшылығымен басталғалы отырған құрылыс нысаны жоспар бойынша сегіз ай көлемінде мектепті пайдалануға бермек.

Айта кету керек, қоғамдық қабылдаудан кейін Магистральная ауылының кіреберіс жолы тексерілді. Бұл кіреберіс жол да, Поймадағы жаңа мектептің құрылысы да партияның сайлауалды бағдарламасында қарастырылған. Сол себептен де бұл екі нысан қабылдауға дейін тексеріліп, тұрғындармен және мердігер компания құрылысшыларымен кездесіп, нақты тапсырмалар айтылды.

Қабылдаудан кейін, аудан басшылығымен және белсенді тұрғындармен бірге қоқыс полигонының жағдайымен танысты.

IMG-20220727-WA0068

Мұрат Рахметұлы тұрғындардан өтініштерін қабылдап, жергілікті және республикалық деңгейде бұл мәселелерді көтеретіндігін жеткізді.

"AMANAT" партиясы

БҚОФ баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале