15.12.2021, 12:10
Оқылды: 153

Коронавирус жұқтырған 80 пациенттің жағдайы өте ауыр – министрлік

Коронавирус жұқтырған 308 адамның жағдайы ауыр. Бұл туралы ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

18

15 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 20 376 адам коронавирус инфекциясынан (–17 655+ және 2 721 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 3 786 пациент стационарда, 16 590 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 308 адамның жағдайы ауыр,
• 80 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 65 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале