9.03.2022, 9:00
Оқылды: 50

Коронавирустан 3 адам қайтыс болды - министрлік

Қазақстанда коронавирустан 3 адам қайтыс болды, коронавирус пневмониясынан өлім-жітім тіркелмеді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

211212085945278e

Ведомство ақпаратына сәйкес, 7 наурыздағы ахуал бойынша, ел өңірлерінде коронавирус белгілері бар пневмонияның тіркелген жағдайлары – 1, қайтыс болды – 0, жазылып шықты – 19 адам .

Жалпы, 2020 жылдың 1 тамызынан биылғы 7 наурызға дейін пневмонияны 88 326 адам жұқтырды, ал жазылып шыққандардың саны – 81927.

Бұдан бөлек, 7 наурызда коронавирус инфекциясынан 3 адам көз жұмған. 2020 жылдың 13 наурызынан биылғы 8 наурызға дейін қауіпті індет 1 304 012 адамнан анықталды, жазылды – 1 277 680 адам. Қайтыс болды – 13 635 науқас.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале