8.04.2022, 16:45
Оқылды: 197

Коронавирустан кейін қанда тромбтардың пайда болу қаупі 290 есеге артады – зерттеу

Коронавирусқа шалдыққаннан кейін 6 ай бойына қанда тромбтардың пайда болу қаупі 290 есеге артады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

8

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының мәліметтеріне қарағанда, Швецияда жүргізілген зерттеу COVID-19 инфекциясымен ауырып шыққан адамдарда алты айда қанның ұйып қалу қаупінің едәуір арта түсетінін дәлелдеді.

Ғалымдар 2020 жылдың ақпан айынан 2021 жылдың мамыр айына дейін коронавирусқа шалдыққан миллионнан астам адамның денсаулығын қадағалап, вирусқа шалдықпаған дәл сондай жас ерекшеліктегі төрт миллион адамның жағдайымен салыстырды.

Алынған мәліметтерге сәйкес COVID-19 инфекциясын ауыр өткерген адамдарда өкпе тромбоэмболиясының пайда болу қаупі (өлімге әкелетін тромбтың салдарынан өкпеде қанның тоқтап қалуы) әдеттегіден 290 есе және инфекцияның жеңіл түрінен кейін қалыпты жағдайдан жеті есе жоғары болды.

Зерттеушілердің айтуынша, бұл вирусқа қарсы вакцинацияның маңыздылығын тағы да дәлелдей түседі.

Швециядағы Умео университетінің бас зерттеушісі Анн — Мари Форс Коннолли: «Вакцинацияланбаған адамдар үшін бұл екпе алуға жақсы себеп — өйткені вакцинасыз [кенеттен өлім] қаупі әлдеқайда жоғары»,-деп мәлімдеді.

Тромбоэмболия-бұл COVID-19-дан кейін адамдарда пайда болатын көптеген жағдайлардың бірі. Бірқатар зерттеулер мұндай асқынулардың пайда болуынан елімізде қолданылып жатқан препараттармен вакциналау мен ревакциналау ғана қорғай алатындығын көрсетті.

Айта кетейік, соңғы тәулікте Қазақстанда 20 адамнан коронавирус анықталып, 40 адам аталмыш дерттен жазылып кетті.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале