15.07.2022, 13:00
Оқылды: 187

Коронавирустың қазіргі штамы бұрынғыдай қауіпті емес пе?

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният ел арасныда крорнавирустың қазіргі штамы бастапқы штамдарындағыдай қауіпті еместігі туралы болжамдарға пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Иә, дәрігерлер, оның ішінде иммунологтар аталған вирус туралы, оның ағымы туралы көптеген ақпарат жинап жатыр. Бұл инфекцияның циклдік сипатын, толқын-толқынмен таралатынын байқап отырмыз. Былай алып қарасақ, 2020 жылы да, 2021 жылы да дәл осы кезде аурудың таралуы артқан болатын. Вирустар да қоршаған ортаның, вакцинация мен ауырып шығудан кейін халықтың ағзасында пайда болған иммунитеттің әсерінен өзгеріске ұшырайды. Яғни, вирус осы факторларға байланысты әртүрлі қалыпта өтеді, клиникасы әркелкі болады», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан брифингіде.

Ведомство басшысының айтуынша, вирустың жаңа штамы болатын-болмайтындығы, оның клиникасы қалай қатталатыны әзірге белгісіз.

«Қазір біз, тіпті бүкіл әлем тап келіп отырған омикронның ВА.5 және ВА.4 типтерінің клиникалық картинасы мынадай: ол тұмау түріндегі жіті респираторлық вирустық инфекцияға ұқсас, айқын қызба сипаттары бар. Инфекцияның дәл қазіргі толқынында дельта-вирустағыдай өкпені зақымдау белгісі жоқ. Науқастар айқын интоксикациямен түсіп жатыр. Сондықтан инфекция ағымының құбылауына байланысты емдеу, шектеу шараларын белгілеп отырамыз», - деді Ажар Ғиният.

Айта кетейік, соңғы деректер бойынша, елімізде 5,5 мыңға жуық адам коронавирустан емделіп жатыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале