19.04.2021, 23:15
Оқылды: 137

Қос чемпион

17-18 сәуір күндері Қарағанды қаласында грэпплинг және грэпплинг-гиден балалар мен жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

сс

Жарысқа еліміздің барлық өңірінен 15 команда, жалпы саны 757 спортшы қатысып, өз бақтарын сынады. Жарыста батысқазақстандық спортшылар жақсы өнер көрсетіп, 2 алтын, 2 күміс жүлдені қанжығалады. Нақты айтқанда, грэпплингтен Санжар Сабидулла жеңімпаз атанып, Бақырыс Елемес екінші орынды иеленді. Грэпплинг-ги бойынша Бақырыс Елемес чемпион атанып, Санжар Сабидулла күміс жүлдені еншіледі.

 

zhaikpress

Сурет russkiymir сайтынан алынған

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале