1.07.2022, 14:45
Оқылды: 169

Қос құлыншақ топ жарды 

Жуырда Ақтөбе қаласында өткен «Aktobe open» халықаралық каратэ турнирінде Ахат Әлиев пен Әлима Әлиева чемпион атанды. 
0a07a5f6-29fe-45c9-8e61-c88ddb128e1b
 Тай-құлындай тебіскен ағалы-қарындасты каратэшілер 5 жастарынан бері осы спортты серік етіп, бұған дейін де талай доданың алдын бермеген. Бірқатар жетістіктерін атап айтар болсақ, дәл осы турнирдің былтырғы республикалық кезеңінде екеуі де ІІІ орынды иеленген. Ахат осы жылы Оралда болған «Әкімнің кубогы» І қалааралық турнирінде 40 салмақ дәрежесінде І орынды қанжығалап, «Karaganda open - 2022» халықаралық турнирінде тағы да бірінші жүлдені жеңіп алған. Ахат спорт шеберлігіне үміткер болғандықтан, бұл тізімнің әрі қарай созыла беретіні белгілі.  Ағасының артынан ерген бауыры Әлиманың да жеңісі бірталай. Ол биыл Ақсай қаласында өткен «Достық - Дружбы» балалар мен жасөспірімдер арасындағы ашық турнирінде ІІ орынға және «Қарашығанақ» кубогіне арналған V халықаралық турнирде қыздар арасында ІІІ орынға ие болды.
Осы орайда 11 және 8 жасар спортшының әкесі балаларына бапкерлік еткен Асқар Досжанов пен Қуаныш Каировқа алғысын білдіреді.
Нұртілеу Бауыржанұлы,
zhaikpress.kz
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале