11.09.2024, 12:00
Оқылды: 219

Көшпенділер ойыны: «Шежірелі Ақжайық» шетелдіктерді таң қалдырды

Астанада өтіп жатқан V Көшпенділер ойындарының дүбірі дүниеге естіліп жатыр.

a0db971b-75a8-443b-8963-13f349503efa

Далагерлер ойындары 21 спорт түрінен 97 медаль жиынтығын сарапқа салып жатыр.

Бабаларымыз тек атқа мініп, айқай көтеріп жүрді десек қателесеміз. Көшпенділер өркениеті бай. Сондықтан спорт додасынан бөлек Қазақстан келушілерге дала мәдениетінің де жауһарларын көрсетуде.

Ақжайық өңірі Арқа төсіне үш бірдей үй әкеліпті.  Этноауылда ақ боз үй көп. Бірақ Батыс Қазақстан облысының әкелген ағаш үйі табиғилығымен ерекшеленіп отыр. Шетелден келген меймандар киіз жабындарды сипап көріп, зауыттан емес, шеберлердің қолынан басқұрлардың өрнегіне таң қалып жатыр.

97804E2C-1FBF-4488-884C-6D75792E6A9E

Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Мирболат Ерсаевтың берген мәліметіне сүйенсек, Оралдан көшпенділер ауылына 364 жәдігер әкелінген. Көрмеге экспонаттардың түпнұсқалары қойылды.

Көшпелі музейдің төрінде Тақсай ханшайымы отыр. Біздің жыл санауымызға дейінгі VІ-V ғасырда өмір сүрген Сарматтың ақсүйек әйелінің жерленген орны 2012 жылы өңіріміздің Теректі ауданы, Тақсай қорымынан табылды. Қазақстан аумағында бұл жәдігердің баламасы жоқ.

Көне өркениет ошағы – Жайық қалашығының да  құмыралары «Шежірелі Ақжайық» көрмесінде тұр.

Күмістен жасалған әшекей бұйымдардың ең көп коллекциясында Батыс Қазақстан облысы алып келді.

DB221812-609F-413D-9F0E-E6B3F944FAEF

Облыстық тарихи-өлкетану музейі экскурсияны үш тілде өткізіп жатыр. Бұл әрине қазақ тарихын өзге елден келген саяхатшыларды қызықтырмай қоймайды. Сондықтан да болар, Батыс Қазақстанның боз үйінде сәт сайын қонақ.

Мирболат Ерсаев осыған дейін Үндістан, Корея Мексика, Монғолия, Австралия, Марокко, Португалия, Норвегия, Жаңа Зеландия, Франция, Германия, Италия, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркменстан, Индонезия, АҚШ азаматтары өңір көрмесін тамашалағанын айтты.

 Бауыржан Ширмединұлы

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале