9.09.2022, 9:45
Оқылды: 107

Қостанайлықтарға көмек ретінде БҚО-дан 23 млн теңге аударылды

Қостанайда өрттен зардап шеккен тұрғындарға Батыс Қазақстан облысынан гуманитарлық жүк жөнелтілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2209082317554570f

«AMANAT» партиясы «Жастар рухы» жастар қанаты БҚО филиалының төрағасы Архат Исламғалидың мәлім еткеніндей, 8 қыркүйек күні жүк көлігі Орал қаласынан жолға шықты.

Оның сөзіне қарағанда, 20 тонналық жүк көлігіне азық-түлік, жылы киім-кешек, жамылғылар, гигиеналық қажетті заттар, оқуға қажетті құралдар тиелді.

2209082317554575f

«Жексенбі күні Орал қаласы мен облыстың барлық ауданында 14 гуманитарлық көмекті қабылдау пункті ашылды. Барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, кәсіпкерлер, облыс тұрғындары көмектерін аямай, қолұшын созды. Тамақ, киім жеткілікті дегеннен кейін қаражатқа басымдық беріліп, «Ақжайық» қорынан Қостанай облысына 23 млн теңге аударылды. Облыстағы кәсіпорын-мекемелер қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер, «AMANAT» партиясының мүшелері бір күндік жалақыларын аударып, өз үлестерін қосты. Қажеттілігіне қарай бұл жұмыстар жалғасын табады», деді А.Исламғали.

2209082317554574f

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қостанай облысында табиғи апаттан зардап шеккендерге БҚО-дан көмек ұйымдастырылып жатқанын, қостанайлықтарға қаражат жинау үшін орталықтандырылған есепшот ашылғанын жазған болатынбыз.

2209082317554571f

2209082317554572f

2209082317554573f

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале