28.10.2023, 11:27
Оқылды: 76

Костенко атындағы шахтада қаза тапқан кеншілер саны 20-ға жетті

Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтадағы өрт салдарынан қаза тапқан кеншілер саны 20-ға жетті, деп хабарлайды Kazinform.

IMG-20231028-WA0030Фото: Midjourney

Айта кетейік, бүгін таңертең Костенко атындағы шахтада өрт болып, 11 адам көз жұмғанын, әртүрлі дәрежедегі жарақаттармен ауруханаға 18 адам жеткізілгенін жазған едік.

Артынша тағы бес кеншінің денесі табылып, құрбан болғандар саны 16-ға жетті.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқан кеншілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Сондай-ақ, Президент Үкіметке «АрселорМитталТеміртау» компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды.

Одан бөлек, ҚР Бас прокуратурасы Костенко атындағы шахтадағы өрт фактісі бойынша тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанын хабарлады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале