30.07.2026, 20:00
Оқылды: 44

Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің күмбезіне реставрация жалғасып жатыр

Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды. 

62aba010219919a25501a59c00ed7a28_1280x720

Фото: gov.kz

Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің күмбезіне ғылыми-реставрациялық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Оларды «Қазқайтажаңарту» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының мамандары кешенді зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып жүргізіп келеді. Зерттеу барысында күмбездің сыртқы қабатының беріктігі әлсіреп, жарылған тұстарының көбейгені анықталған.

Жұмыстар сыртқы қабаттың одан әрі бүлінуі мен оның жекелеген бөліктерінің құлау қаупінің алдын алуға бағытталған. Бұл қабат кесененің түпнұсқа құрылымына кірмейді. Ал күмбездің тарихи конструкциясы бүгінге дейін бастапқы қалпында сақталған. Күмбездің қабаты оны жауын-шашыннан, желден, күн сәулесінен және өзге де сыртқы факторлардан қорғайды.

Алдағы уақытта шешімдер ғылыми зерттеу нәтижелері мен тарихи құрылымға барынша аз араласуды көздейтін қағидатқа сәйкес қабылданады.

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі – Қазақстаннан ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген алғашқы ескерткіш. Ғылыми-реставрациялық жұмыстар мәдени мұраны сақтау жөніндегі халықаралық талаптарға сәйкес және Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің бақылауымен жүргізіліп келеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале