2.10.2020, 9:10
Оқылды: 64

ҚР БҒМ Мұғалімдер күні қарсаңында Қазақстандағы үздік ұстаздарды анықтайды

2 қазан сағат 11:00-де Мұғалімдер күні қарсаңында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің қатысуымен салтанатты іс-шара өтеді.

Мұғалім

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, мерекелік жиын барысында «Үздік педагог-2020» байқауының жеңімпаздары анықталады. Үздік педагогтер 2 778 000 теңге (1000 АЕК) көлемінде сыйақымен және төсбелгілермен марапатталады. Сондай-ақ мұғалімдерге бұл күні білім беру саласындағы жоғары награда – «Ы.Алтынсарин» төсбелгісі табысталады. Марапаттарды тапсыру рәсімі әр өңірде жеке ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Орталық коммуникациялар қызметінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшаларында, сондай-ақ «Хабар 24» республикалық телеарнасы арқылы сағат 11:00-де көрсетіледі.

 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале