28.09.2021, 21:01
Оқылды: 102

ҚР Президенті Башқұртстан  басшысын қабылдады

Қазақстан Президенті Башқұртстан Республикасының басшысы Радий Хабировты қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

53EE952F-D37E-4477-81C5-731540707661

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресейдің стратегиялық ынтымақтастығы екі ел аймақтарының арасындағы ықпалдастықты кеңінен қамтып отырғанын атап өтті.

Мемлекет басшысы Башқұртстан Республикасымен жан-жақты байланыстарымыз пандемияға қарамастан жаңа мазмұнмен дамып келе жатқанына тоқталды.

Кездесуде бірлескен кәсіпорындар санының артып, мұнай-химия, ауыл шаруашылығы, металлургия және жеңіл өнеркәсіп және тағы басқа салаларда инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы туралы айтылды.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале