23.09.2021, 17:38
Оқылды: 153

ҚР Президенті: Биыл әскери қызметшілердің лауазымдық еңбекақылары 35 пайызға өсті

Биылдан бастап әскери қызметшілердің лауазымдық еңбекақылары 35 пайызға өсті.

Бұл туралы бүгін Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында «Оймаша» полигонында өткен «Отпантау-2021» шұғыл-стратегиялық командалық-штабтық әскери оқу-жаттығу жиынына барған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

210923175732553e

Мемлекет басшысы мұнда әскери нысанның қызметімен танысты. Президент армияның мемлекет пен қоғам тарапынан жіті бақыланатын нысан екенін атап өтті. Сондай-ақ Мемлекет басшысы әскерді заманауи қару-жарақпен және техникамен одан әрі жабдықтауға негізделген Қарулы Күштерді және басқа да әскерлер мен әскери құрамдарды дамыту тұжырымдамасының бекітілгенін еске салды. Жоғарғы Бас қолбасшы әскери қызметшілерге кешенді әлеуметтік қолдау көрсету мәселелеріне де тоқталды.

– Қаржыландыру мәселесі кезең-кезеңімен артып келеді. Биылдан бастап әскери қызметшілердің лауазымдық еңбекақылары 35 пайызға өсті. Алдағы екі жылда орташа есеппен 60 пайызға жоғарылайды. Барлық санаттағы әскери қызметшілер үшін тұрғын үй мәселесі заңнамалық тұрғыдан шешілген. ТМД-ның басқа елдеріне қарағанда қазақстандық әскердің әлеуметтік топтамасы – бәсекеге қабілетті. Әскери қызметшілерді әлеуметтік қорғау мәселесі әрдайым мемлекет басымдық беретін салалардың қатарында болады. Күшті әскер – қуатты егемен Қазақстанның кепілі, – деді Президент.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале