ҚР Қарулы Күштері Арнайы операциялар күштерінің қолбасшылығы құрылды
24 Қаңтар 2022

ҚР Қарулы Күштері Арнайы операциялар күштерінің қолбасшылығы құрылды

Қазақстандықтар жарылғыш зарттар мен оқ-дәрі тауып алған жағдайда не істеуі тиіс
24 Қаңтар 2022

Қазақстандықтар жарылғыш зарттар мен оқ-дәрі тауып алған жағдайда не істеуі тиіс

Қазақстанда азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу науқаны өтуде
24 Қаңтар 2022

Қазақстанда азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу науқаны өтуде

«Самұрық-Қазына» қызметкерлерінің саны 50% қысқартылатын болды
24 Қаңтар 2022

«Самұрық-Қазына» қызметкерлерінің саны 50% қысқартылатын болды

Батыс Қазақстан облысында 35 мыңнан астам адам ревакцинациядан өтті
24 Қаңтар 2022

Батыс Қазақстан облысында 35 мыңнан астам адам ревакцинациядан өтті

Сауд Арабиясында баллистикалық зымыран атылды
24 Қаңтар 2022

Сауд Арабиясында баллистикалық зымыран атылды

ҚР Президенті коллекторлардың өз қызметін асыра пайдалануына қатысты айтты

Сырттан тартылатын коллекторлардың қызметтерін асыра пайдалануға жол бермеу тетіктерін қарастыруды тапсырамын. Бұл туралы Алматыда қаржы секторының өкілдерімен кездескен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.211119153812282eКездесу барысында Мемлекет басшысы борышкерлерге қатысты қаржы нарығындағы өкілдердің шектен шығу әрекеттеріне тоқталды.

«Несие мекемелерінің басшыларына ішкі рәсімдерді күшейту мәселесін пысықтауды, сондай-ақ жекелеген қызметкерлер мен сырттан тартылатын коллекторлардың қызметтерін асыра пайдалануға жол бермеу тетіктерін қарастыруды тапсырамын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ Президент шағын және орта бизнесті несиелеу, оның ішінде ауылдардағы кәсіпкерлік бастамаларды дамыту еліміздің қаржы секторының басты басымдығы болуы керек деп есептейді. Мемлекет басшысының айтуынша, тұрақты және арзан қор жасау көздерінің жоқтығы микроқаржыландыру нарығындағы негізгі мәселенің бірі.

«Мұндай ұйымдардың қызметі екінші деңгейлі банктерден алынатын қарыз бен жеке қаражат есебінен қаржыландырылады. Нәтижесінде тұтынушылар үшін несиелердің құны жоғары болады. Сондықтан Үкіметке Агенттікпен бірлесіп, микроқаржы ұйымдарының қолжетімді әрі ұзақ мерзімді қаржыландыру тетіктерін пысықтауды тапсырамын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале