11.10.2022, 12:01
Оқылды: 65

ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы: Жұматай Әлиев тағы да бағын сынамақ

Жұматай Әлиев Қазақстан Президенті сайлауына қатысуға өтініш білдірді. Бұл - оның түсіп жатқан екінші саяси додасы, деп хабарлайды Zakon.kz.

bb36cf528e464603a15cdb448d17e0be

2019 жылдағыдай бұл жолы да оның кандидатурасын "Халық демографиясы" ҚБ ұсынды.

Айта кетсек, өткен жолғысында Әлиев қазақ тілі емтиханынан сүрінген болатын. Мамандар "Мемлекет және дін" тақырыбындағы оның шығармасынан 19 қате тапқан.

Комиссия үміткердің жауаптарын жан-жақты талқылай отырып, ол мемлекеттік тілді толық меңгермеген деген қорытындыға келді.

2001 жылдан 2008 жылға дейін Әлиев Қазақстан халқы Ассамблеясында түрлі лауазымдарда қызмет атқарды. Сондай-ақ ол Мәжіліс депутаты да болған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале