10.06.2021, 12:06
Оқылды: 241

ҚР спорт шебері, қаратөбелік жас спортшы жүлдегер атанды

7-9 маусым күндері аралығында Ақмола облысы Щучинск қаласында ерлер арасында қол күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

 нұр11

Чемпионатқа Батыс Қазақстан облысы құрамасы сапында Қаратөбе ауданының екі жас спортшысы қатысты.

- Жалпы жарыс Грузия елінде өтетін әлем чемпионатына жолдама алу үшін өткізілген жарыс болатын. Чемпионатқа еліміздің түпкір-түпкірінен 250-ге жуық спортшы қатысты. Чемпионат қорытындысында шәкіртім Ержан Ерболатұлы жүлделі ІІІ орынды иеленді, - дейді Қаратөбе ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің қол күресі үйірмесінің жоғарғы санатты жаттықтырушысы, ұлттық спорт төрешісі Нұрқат Нысанов.

Айта кету керек, аталмыш чемпионатта жасөспірімдер арасында әлем чемпионы, ҚР спорт шебері Ержан Ерболатұлы ерлер арасында 55 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті.

 

Ертай Бимұханов,

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале