6.10.2022, 22:45
Оқылды: 120

ҚР ҰҰ «Батыс» өңірлік қолбасшылығында үздіктер анықталды

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскери бөлімдерінің офицерлері мен сержанттары арасында «Үздік батальон командирі», «Үздік батальон штаб бастығы», «Үздік взвод сержанты», «Үздік бөлімше командирі» байқау – сайысының 2 кезеңі өтті.

1665032159080

Байқауға Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Орал гарнизондарының әскери бөлімдерінен, байқаудың 1 -кезеңінен жеңімпаз атанып келген он бес әскери қызметші қатысты.

Байқауды өткізудің басты мақсаты – әскери қызметтің мәртебесін көтеру, офицерлер мен сержанттарды ынталандыру және олардың кәсіби шеберліктерін әрі қарай жетілдіру, озық тәжірибелерді тарату, батальон, рота буынындағы офицерлер арасынан кадрлық резерв дайындау, сондай-ақ теориялық білімі мен тәжірбиесін арттыру болатын.

1665035454096

Сайысқа қатысушылар дене даярлығы, саптық және мемлекеттік - құқықтық дайындық, әскери топография, тактика және атыс өнер дайындығы, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау құралдарын дұрыс пайдалану және жалпы әскери жарғы бойынша сынақ тапсырды. Үздіктер тапсырылған сынақтың нәтижесі бойынша анықталды. Байқау - сайыстың қорытындысы бойынша төмендегі әскери қызметшілер өз лауазымдарының үздіктері атанды:
«Үздік батальон командирі» номинациясы бойынша: 5546 әскери бөлімінен капитан Ахмадалиев Акбарали Батиралиевич (Атырау қаласы);
«Үздік батальон штаб бастығы» номинациясы бойынша: 6655 әскери бөлімінен капитан Токенов Марғұлан Қуатұлы (Ақтөбе қаласы);
«Үздік взвод сержанты» номинациясы бойынша: 3502 әскери бөлімінен аға сержант Таңатаров Жасталап Амангелдіұлы (Ақтау қаласы);
«Үздік бөлімше командирі» номинациясы бойынша: 3502 әскери бөлімінен келген сержант Аманжолов Бауыржан Асылханұлы (Ақтау қаласы).

1665032158681
- Жалпы әскерде, әскери тәртіппен жауынгерлік дайындықтың жай – күйі, сонымен қатар жауынгерлік тапсырманың сапалы орындалуы осы командирлердің кәсіби даярлығының деңгейіне байланысты. Сондықтан да біз алдағы уақытта олардың біліктілігіне қатысты талаптарды күшейтіп, командирлердің кәсіби шеберліктерінің деңгейін көтеру мақсатында қажетті барлық шараны қолданатын боламыз, - деді «Батыс» өңірлік қолбасшылығының жауынгерлік басқармасының бастығы полковник Хамит Казенов.

Сайыс соңында жеңімпаз – жүлдегерлер дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталып, шара соңы үздіктерге құрмет көрсету концерттік бағдарламасымен жалғасты.

Айта кетейік әр аталым бойынша үздік деп танылған әскери қызметшілер осы жылдың қараша айында Астана қаласында өтетін байқаудың қорытынды кезеңінде өз бақтарын сынайтын болады.

Орал қаласы,
капитан Әубакир Ертуған

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале