2.08.2022, 9:30
Оқылды: 92

Криминалистер қызметі талқыланды

Облыстық ПД бастығының міндетін атқарушы, полиция полковнигі Жанболат Жаншиннің төрағалығымен аппараттық кеңес өтті.

1

Жиынға ПД басқармаларының, қалалық және аудандық бөлімдердің басшылары қатысты. Алғашқы кезекте биылғы жылдың өткен 6 айының қорытындысы бойынша ПД жедел-криминалистикалық бөлімшелерінің жұмыс нәтижелері талқыланды. Кеңесте аумақтық криминалистикалық бөлімшелердің негізгі көрсеткіштері сараланып, қылмыстарды ашу мен тергеуде қолданылатын жаңа технологиялар туралы ақпарат жеткізілді. Сонымен бірге кейбір проблемалық мәселелер талқыланып, олар­ды шешу жолдары да қарастырылды. Кеңес қорытындысында аталмыш сала мамандарының іс-қимылын одан әрі ширата түсу бағытында ПД басшылығы тарапынан нақты нұсқаулар берілді.

Бауыржан Махутұлы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале