3.09.2020, 10:09
Оқылды: 94

ҚРКФ-ның XXVI съезі өз мәресіне жетті

2 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының кезекті XXVI съезі өтті. Съезде ҚР Кәсіподақтар федерациясының 5 жылғы жұмысы қорытындыланды және алдағы бес жылға ҚРКФ қызметінің басым бағыттары анықталды.

Siez (1)

Алғаш рет онлайн режимде өткен съезд жұмысына республиканың барлық салаларын қамтитын 151 делегат, соның ішінде Батыс Қазақстан облысынан 7 делегат қатысты. Батыс Қазақстан облыстық делегация құрамында болған «Батыс Қазақстан облыстық кәсіподақтар орталығы» АКБ-ның төрайымы Айгүл Есекенова, «БҚО Білім және ғылым саласы қызметкерлері» кәсіптік одағының төрағасы Марат Даупаев, «SENIM» «Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің БҚО филиалы төрағасы – Махамбет Кусаинов, «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг б.в.» компаниясы және мердігер компаниялар жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподақ ұйымының төрағасы – Қадыр Абатұлы, «Жайықжылуқуат» АҚ қызметкерлерінің жергілікті кәсіподақ ұйымының төрағасы – Нұрлан Нұғманов,  «Батыс Қазақстан электр желілерін таратушы компаниясы» АҚ қызметкерлерінің жергілікті кәсіподақ ұйымы төрағасы – Асқар Жәнібеков, теміржол қызметкерлерінің жергілікті кәсіподақ ұйымының төрағасы – Нұрлан Набиуллин өздерінің делегаттық міндеттерін абыроймен атқарып шықты.

Съезде ҚРКФ XXIV, XXV (кезектен тыс) съездерінің шешімдерін орындау барысы туралы Бас кеңестің есебі, ҚРКФ Тексеру комиссиясының 2015-2019 жылдардағы есебі тыңдалып, сондай-ақ Кәсіподақтар федерациясының Жарғысына толықтырулар енгізу қарастырылды. Съезд делегаттары Кәсіподақтар федерациясының қызметіндегі негізгі бағыттар бойынша қарар қабылдады.

Siez (2)

Бесжылдықтың басты кәсіподақ форумына қатысушылар пандемия дағдарысынан кейін экономиканы қалпына келтіру, жұмысшылардың әлеуметтік қорғалуын күшейтуге және Еңбек адамының лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған әлеуметтік диалогтың жаңа форматына ауысу жағдайларында еліміздегі кәсіподақтар қозғалысын дамыту векторларын анықтады.

Съездің қорытынды сәті кәсіподақтар қозғалысын одан әрі жаңғырту мен реформалаудың жолын анықтайтын және жұмысшылардың еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін сенімді қорғауды одан әрі қамтамасыз ететін тиімді жұмыс үшін негіз болатын Қазақстан Республикасы кәсіподақтарының 2020-2025 жылдарға арналған стратегиясын қабылдау болды.

Бүгін ҚРКФ жоғары органының қатысушылары – Съезд делегаттары басым дауыспен Сатыбалды Дәулеталинді Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы лауазымына сайлады.

«БҚО Кәсіподақтар орталығы» АКБ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале