Дәрігер Михаил Хвостов қантты шамадан тыс тұтыну адам ағзасына қаншалық қауіпті екенін айтып, өлімге әкелуі мүмкін мөлшерін атады. Бұл туралы ол ТАСС агенттігіне берген сұхбатында мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сурет: istockphoto.com
Маманның айтуынша, қантты көп мөлшерде жеген адамның бірден уланып, көз жұмуы екіталай. Ол ересек адам үшін бір мезетте 2–2,5 келі қант тұтыну өлімге әкелуі мүмкін екенін айтты. Алайда ағзаның құсу рефлексі мұнша қантты бірден жеуге мүмкіндік бермейді.
Дегенмен Хвостовтың сөзінше, қантты бір мезетте көп жеуден гөрі, оны күн сайын шамадан тыс тұтыну әлдеқайда қауіпті.
Маман тәулігіне қосымша қантты 25–50 грамнан асырмауға кеңес берді. Бұл мөлшерден үнемі асып кету артық салмақ жинауға, семіздікке және екінші типтегі қант диабетінің дамуына ықпал етуі мүмкін.
Дәрігер сондықтан қантты күнделікті тұтыну мөлшерін бақылауда ұстау маңызды екенін ескертті.