Бүгін Қаратөбе ауданының әкімдігінің мәжіліс залында ауданның санитариялық-эпидемологиялық бақылау басқармасын бірнеше жылдар бойы басқарған Мағия Аманжанқызын құрметпен зейнет демалысына шығарып салу салтанатты іс-шарасы өтті.
Зейнетке құрметтеп шығарып салу, оның талай жылғы еңбегіне алғыс айту, тұлғасына құрмет көрсету дәстүрі екендігін тілге тиек еткен Батыс Қазақстан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Н.Сариева қызметтегі жетістіктері және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында қосқан үлесі және адал еңбегі үшін М.Аманжанқызына БҚО әкімінің құттықтау хатын және БҚО СЭБД басшысының Құрмет грамотасын табыстады.
Қаратөбе ауданының әкімі Қ.Сүйеуғалиев, өз кезегінде мерейлі жас иесін жаңа жасымен құттықтап, отбасына береке, алдағы күндерде тек бейнеттің зейнетін көруіне тілектестік білдіріп, Қаратөбе ауданына сіңірген еңбегі үшін төс белгісі табысталды.
Мағия Аманжанқызы – Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Қаратөбе ауылында 1964 жылы 27 қаңтар күні дүниеге келген. 1981-1987 жылдары Қарағанды мемлекеттік медицина институтының санитарлық-гигиеналық факультетін тәмәмдәп, санитарлық дәрігер, эпидемиолог мамандығын алып шыққан.
Еңбек жолын 1987 жылы Қаратөбе аудандық санитариялық-эпидемиологиялық станциясында балалар және жасөспірімдер гиигенасы бөлімінің санитарлық дәрігері болып бастады. Қазіргі уақытта Қаратөбе аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысы қызметін атқарды.
Мағия Аманжанқызы осы салада тұрақты 38 жыл еңбек ету жолында денсаулық саласын дамытуға қосқан үлесі үшін ҚР денсауық министрі С.Қайырбековандан, А.Ғинияттан «Алғыс хат», және департамент басшыларынан, аудан әкімдерінен көптеген «Алғыс хат» мадақтамаларының иегері атанған.
Н.Сариева,
Батыс Қазақстан облысы
санитариялық-эпидемиологиялық бақылау
департаменті басшысының орынбасары