«Жайлы мектеп» жобасы аясында төрт мектеп салынады
7 Маусым 2023

«Жайлы мектеп» жобасы аясында төрт мектеп салынады

Оралдық оқушылар халықаралық байқаудан жүлделі оралды
7 Маусым 2023

Оралдық оқушылар халықаралық байқаудан жүлделі оралды

«Үздік фотосурет және бейнеролик» қалалық байқауы өтеді
7 Маусым 2023

«Үздік фотосурет және бейнеролик» қалалық байқауы өтеді

Елімізде өткен тәулікте белгіленбеген жерде суға түскен төрт адам суға батып кетті
7 Маусым 2023

Елімізде өткен тәулікте белгіленбеген жерде суға түскен төрт адам суға батып кетті

Бас жүлде 1000 000 теңге: Орал қаласының әкімдігі байқау жариялады
7 Маусым 2023

Бас жүлде 1000 000 теңге: Орал қаласының әкімдігі байқау жариялады

Оралда «Үздік маман» байқауына құжат қабылдау басталды
7 Маусым 2023

Оралда «Үздік маман» байқауына құжат қабылдау басталды

7.03.2023, 9:31
Оқылды: 85
Құрылыс қатаң бақылауда

Жуырда облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңес отырысында күн тәртібінде тұрған бірқатар маңызды мәселе қаралды.

67f2362d-6c4d-45c4-b29d-42b6d2d622c1

Алдымен, көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық жайы пысықталды. БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы, полковник Ернұр Өтегеновтың баяндауынша, биылғы көктем ерте келеді деп болжануда. Алдағы күндері ауа райы күрт жылынады. Десе де, ықтимал су тасқынының алдын алу бағытындағы жұмыстар ойдағыдай емес. Су басу қаупі бар 138 елді мекенге қатысты жоспарлы жұмыстарға жауаптылар жүрдім-бардым қарайды.

8ea95af4-e0eb-4f92-988f-d96e34c1da40

«Орал және Ақсай қалаларындағы су өткізетін арық жүйелерінің дер кезінде тазартылуына назар аударып, еріген қар суын өткізуге дайындықты күшейту керек. Округ, ауыл әкімдері елді мекендердегі жағдайды толық бақылауға алып, мониторинг жүргізіп отыруы тиіс», – деді Е. Өтегенов.

4c51ab76-c045-476b-95c0-1c1a18b204e4
Облыс басшысы бірқатар аудан әкімін орындарынан тұрғызып, су тасқынына дайындықты ширатуды тапсырды.
Өңірімізде Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы» жүзеге асырылуда. Осы мақсатқа биылға республикалық бюджеттен 6,4 млрд теңге қаралды. Қанатқақты жобаны түсіндіру жұмыстары барлық аудан орталығы мен ауылдық округтерде жүргізілді. Халықпен кездесуден кейінгі туындаған сауалдарды облыстық жұмыс тобы талқылады. Бюджеттік несиені берумен айналысатын операторды мемлекеттік сатып алу бойынша таңдау жасалып, құжаттар қабылдау 6 наурызда аяқталды. Несие алушылардың кепіл мүліктерін бағалау, құжаттарын тексерту, кемшіліктер орын алған күнде реттеу жұмыстарын ұйымдастыру мәселелері пысықталуда.
– ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «Ауыл аманаты» жобалық кеңсесіне жобаға қатысатын 42 ауылдық округ (88 АЕМ) тізімі жолданды. Жоба аясында жеңілдетілген несиені алуға 1228 адам (351-і жұмыссыз, 523-і өзін өзі қамтушы, 64-і АӘК алатындар) ниеттеніп отыр. Жобалардың жалпы құны 7,4 млрд теңге шамасында, – деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Наурызбай Қарағойшин.
Бүгінде әлеуетті бюджеттік несие алушылардың кепілге қойылатын жылжымайтын мүлкін бағалаушы төрт компания (ТОО «ERKIN INVEST», ИП «Қазтуғанов М. А», ТОО «ER-EXPERT», ТОО «Экспресс-ПрофОценка») анықталған. Қазіргі уақытта Бәйтерек ауданындағы 62 мүлік бағалаудан өтсе, қосымша 22 мүліктің құжаттары бағалауға дайын тұр. Бөрлі ауданы бойынша 12 мүлік бағалаудан өткен, 32 құжат дайын. Теректіде 44 мүлік бағаланып, 63-і бағалаудан өтпек. Шыңғырлау ауданы бойынша 73 мүлік бағалаудан өткен, 33 мүлік құжаттары дайын делінді.

Гүлбаршын Дыбысқалиқызы,

Мақаланың толық нұсқасын 

«Орал өңірі» газетінің жаңа санынан оқи аласыз

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале