Оралдық тұрғынды 21 млн теңгеге алдап кеткен құрылыс компаниясының директоры тергеліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, аталған тұрғын құрылыс компаниясының директорына таунхаустан үй алу үшін алдын ала 21 млн теңгесін берген.
«Ақыр-аяғында ақшасы да жоқ, элиталық тұрғын үйге де қолы жетпеген. Осылайша, компания директоры алдау жолымен оның 21 млн теңгесін иемденіп кеткен. Өзінің ақшасын ала алмай әрі үй салынбаған соң 53 жастағы тұрғын полицияға шағым түсірді.
Қазіргі кезде ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігіне (алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктіден ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды.
Жалпы, облыста алаяқтық деректері азаяр емес. Сондықтан БҚО полиция департаменті тұрғындарға сақ болу қажеттігін еске салады», деп хабарлады ведомстводан.
17:0017.01.2023
БҚО-ның энергетика басқармасына жаңа басшы келді
16:396.10.2022
«Басшымыз мас болып келіп, мазамызды алды», - дейді қызметкерлер
10:4521.09.2022
Шымкентте экстремистік бағыттағы материалдарды таратқан тұрғын ұсталды
18:004.08.2022
Ақтөбеде полицейлер тауып алған сөмкедегі 5 миллион теңгені иемденіп алған
17.01.2023, 17:00
6.10.2022, 16:39
21.09.2022, 10:45