22.04.2022, 17:45
Оқылды: 167

Қытайда бір тәулікте 2 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырған

Бейсенбі күні құрлықтық Қытайда COVID-19 жұқтырудың расталған 2 119 жағдайы тіркелді. Оның 1 931-і Шанхайдан анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

3

Шанхайдан бөлек, елдің провинциялық деңгейдегі өзге 17 әкімшілік бөлімшесінен де коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайлары тіркелді. Олардың 63-і Цзилинь провинциясынан (Солтүстік-Шығыс Қытай) және біреуі Бейжіңде анықталды.

Бейсенбіде елдің материктік бөлігінде коронавирустың 16 383 жаңа симптомсыз тасымалдаушысы белгілі болды. Олар – жергілікті жерде жұқтырғандар, оның 15 698-і Шанхайдан анықталды.

Елде осы күні 2 730 пациент сауығып шықты. Бейсенбі күнгі жағдай бойынша COVID-19 диагнозы расталған 30 813 науқас елдің құрлықтық бөлігіндегі медициналық мекемелерде ем қабылдауда.

«Кеше Шанхайда коронавирустан адам 11 көз жұмды. Осылайша құрлықтық Қытайда коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандардың жалпы саны 4 674 адамды құрады», - деп хабарлады ҚХР Денсаулық сақтау істері жөгіндегі мемлекеттік комитеті.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале