6.05.2022, 15:15
Оқылды: 203

Қытайда ғимарат қирап, үйінді астында қалған 53 адам мерт болды

Жұма күні Қытайдың Шаньси провинциясынжа құрылыс материалдар өндіретін цех ғимараты опырылып, бірнеше адам үйінді астында қалып қойды, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

220506131905950e

Орталық Қытай телеарнасының мәліметінше, жұма күні таңертең ҚХР солтүстігіндегі Шаньси провинциясы Цзиньчжун қалалық округінде құрылыс материалдарын өндіретін цех ғимараты опырылған.

Оқиға салдарынан бірнеше адам ғимарат ішінде қалып қойған.

Оқиға орнында құтқару жұмыстары жүріп жатыр.

Бұған дейін хабарланғандай, 29 сәуірде Чанша қаласында (Орталық Қытай, Хунань провинциясы) алты қабатты тұрғын үй ғимараты қираған болатын.

Жұмадағы жағдай бойынша, жергілікті билік 53 адамның мерт болғанын растады.

Үйінді астынан 10 тұрғын шығарылды. Іздеу-құтқару жұмыстары аяқталды.

Жергілікті БАҚ мәліметінше, полиция құлаған ғимараттың иесін ұстаған. Құқық қорғау органдары тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале