10.12.2021, 11:40
Оқылды: 73

Қытайда коронавирусқа қарсы антидене негізіндегі препарат мақұлданды

Қытайда бейтараптандыратын антидене негізінде жасалған COVID-ке қарсы алғашқы біріктірілген терапевтік препарат мақұлданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі  Кorrespondent басылымына сілтеме жасап.

photo_90938

Бұл преперат 12 мен 17 жас аралығындағы ересектер мен жасөспірімдерде коронавирусты емдеу үшін қолданылады.

 

Инъекцияға арналған ерітінді түрінде жасалған препаратты тіркеуге Пекиннің Tengsheng Huachuang Pharmaceutical Technology компаниясы тапсырған.

Бұл тәуелсіз зияткерлік меншік құқығы бар Қытай мақұлдаған алғашқы аралас терапия екені атап өтілді.

Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы төтенше жағдайларда Bharat Biotech компаниясының короновирусқа қарсы үнді вакцинасы Covaxin-ды қолдануға рұқсат берген болатын.

Клиникалық зерттеулердің үшінші кезеңінің нәтижелері бойынша Bharat Biotech вакцинасы айқын белгілері бар COVID-19-ға қарсы 77,8 пайыз тиімділік, аурудың ауыр түрлеріне қарсы 93,4 пайыз тиімділік, ал симптомсыз түрлеріне қарсы 63,6 пайыз тиімділік, "дельта" штамына қарсы да осындай ұқсас нәтиже көрсетті.

Covaxin 16 елде тіркелген, 50 мемлекетте вакцинаны мақұлдау процесі жүріп жатыр. Үндістанның өзінде компания төрт нысанда вакцина өндірісін жолға қойып, 1 миллиард доза "жылдық қуаттылыққа" жету үшін одан әрі кеңейтуді жоспарлап отыр.

 

 

 

 

 

 

Реклама

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале