10.03.2022, 9:10
Оқылды: 256

Қызмет құтты болсын, подполковник мырза!

ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары – ҚР Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы, генерал-майор Еркін Ботақановтың бұйрығымен подполковник Ерболат Сұлтанов жақында Ұлттық ұлан баспасөз қызметінің басшысы, ақпараттық-баспа бөлімінің бастығы – ҚР Ұлттық ұлан «Қалқан» газеті мен «Бүркіт» журналының бас редакторы қызметіне тағайындалды.

EC2F05AE-07AC-4620-B711-D2A4C36B2CFF

Ол күні кешеге дейін ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің басшысы болып қызмет істеді. Осы қызметте жүріп Ерболат Мерсайынұлы «Орал өңірі» газетінің штаттан тыс белсенді тілшісі ретінде Жайық жастары арасында әскери-патриоттық тәлім-тәрбие жұмыстарын жүргізуге айтулы үлес қосты.

1977 жылы Бөкей ордасы ауданында жарық дүниеге көрінген Ерболат Сұлтанов Алматы халықаралық журналистика институтының 1998 жылғы түлегі. Мамандығы – халықаралық журналист және парсы тілінің аудармашысы. 1997 жылы Иран Ислам Республикасында журналистік қызмет бойынша тағылымдамадан өткен.

Жерлесіміз подполковник Е.Сұлтановты жоғары лауазымымен құттықтай отырып, деніне саулық, отбасына амандық, сонымен қатар жемісті еңбек пен абыройлы қызмет тілейміз!

«Орал өңірі» газетінің редакция алқасы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале