21.11.2022, 9:45
Оқылды: 72

Қызметкерлердің денсаулығы – жұмысымыздың басты көрсеткіші

ҚПО – еліміздің мұнай-газ саласындағы ірі компаниялардың бірі. Кәсіпорын өз қызметінде тұрақты даму қағидаттарын ұстанады. Мұнай-газ өндірісіндегі жұмыстың салдарынан осы салада қызмет ететін адамдар белгілі бір деңгейде зардап шегетіні анық. Сондықтан қызметкерлердің денсаулығын бақылау, еңбек гигиенасы мен саламатты өмір салтын насихаттау, медициналық қамтамасыз ету компанияның негізгі басымдықтары болып есептеледі.

 1

ҚПО-да ISO 45001 халықаралық стандарттарын анықтайтын және еңбекті қорғау мен қауіпсіздікті басқару жүйесіне қойылатын талаптарды белгілейтін еңбекті қорғауды басқару жүйесі құрылды.

ҚПО қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелеріне ҚПО денсаулық сақтау бөлімі қызмет көрсетеді. Бөлімнің негізгі міндеттеріне мыналар жатады:

. тәулігіне 24 сағат, аптасына 7 күн шұғыл медициналық көмек көрсетіледі, медициналық эвакуация;

. ауысым алдында, рейс алдында және рейстен кейін медициналық тексерулер өтеді;

. жұмыс орнындағы алғашқы медициналық көмек;

. денсаулыққа төнген қауіптің алдын алу;

. жұмыс орындарының санитарлық-гигиеналық мониторингі;

. ауыз судың және тамақ өнімдерінің сапасын бақылау;

. денсаулық жағдайына байланысты кәсіби жарамдылығын бағалау;

. медициналық  сақтандыру;

. саламатты өмір салтын насихаттау.

ҚПО-ның медициналық қызметкерлері кәсіпорынның және мердігерлік ұйымдардың жұмысшыларына жедел медициналық көмек көрсетеді, оның ішінде алғашқы медициналық көмек жергілікті жерде көрсетіледі, сонымен қатар тәулік бойы жұмыс істейтін бес медициналық пункт арқылы медициналық эвакуация және репатриация өткізеді. Дәрігерлердің қарамағында реанимациялық аппаратурамен жабдықталған «Жедел жәрдем» машиналары бар.

Шұғыл медициналық көмек қызметінің барлық мүшесі кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында арнайы оқудан өтіп тұрады. Осылайша, 2021 жылы қызметкерлер стационарлық жағдайда (ACLS) жүрек қызметін қолдау және белгіленген халықаралық стандарттарға сәйкес жарақат алған жағдайда өмірді сақтап қалу (itls) бойынша оқудан өтті. Компаниядағы «Жедел жәрдем» көлігінің жүргізушілері арнайы жарық және дыбыстық сигнал беру құрылғыларымен жабдықталған көлік құралдарын басқару бойынша  үш күндік дайындықтан өтті.

2018 жылы шұғыл жансақтау қызметін көрсету үшін аутоматты сыртқы дефи-брилляторларды (АСД) орнату бағдарламасы енгізілді. 2019 жылы сатып алынған FirstAiders АСД-тренажерлерін қолдана отырып, персоналды алғашқы көмек көрсету дағдыларына оқыту жүргізілді. 2019-2020 жылдары ҚПО ғимараттарында тоғыз АСД орнатылды. 2021 жылы алғашқы медициналық көмек көрсетушілерді қайта даярлау аяқталды. Сондай-ақ Ақсай қаласындағы ҚПО кеңселеріне 10 аутоматты сыртқы дефибриллятор (АСД) орнатылды.

2

Медицина қызметкерлері ауысым алдында, рейс алдында және рейстен кейін медициналық тексерулер, соның ішінде алкогольді тұтыну сынақтарын жүргізеді. Бұл - қауіпсіздік тұрғысынан өте маңызды үдеріс.

2020 жылдан бастап қысқа уақыт ішінде ауысым алдындағы медициналық тексеру бағдарламалық-аппараттық кешен жүйесі арқылы аутоматты режімде жүргізіледі. 2020-2021 жылдары ҚПО-ның бес медициналық пунктіне жеті МТЭЖ (медициналық тексерудің электронды жүйесі) қондырғысы сатып алынды.

МТЭЖ жүйесі ауысым алдындағы медициналық тексеруді электронды жүргізуге мүмкіндік береді. Бір минут ішінде қызметкердің қан қысымы, импульсі және дене температурасы өлшенеді, тыныс алу жолдары арқылы алкоголь және есірткі заттарын анықтайды. Медициналық тексерулердің нәтижелеріне онлайн режімде қол жеткізуге болады.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметкерлер ауысым алдындағы және ауысымнан кейінгі медициналық тексеруден өтуге міндетті.

ҚПО-да 220В және одан жоғары қондырғылармен жұмыс істейтін мұнай өндіру, дайындау және айдау жөніндегі операторлар мен электриктер міндетті түрде ауысым алдындағы медициналық тексеруден өтеді. Сондай-ақ ҚПО-дағы жүргізушілер рейс алдында және рейстен кейін тексеріледі. Бұл медициналық тексерулерді медициналық қызмет көрсету секторы мен мердігерлік медициналық мекемелердің медицина қызметкерлері жүргізеді.

2019 жылдан бастап жұмыскерлердің алкогольді және басқа да психоактивті заттарды пайдалану дерегін анықтауға медициналық куәландыруды Бөрлі ОАА-ның медицина қызметкерлері жүргізеді.

«Пилоттық қалашықтағы медициналық пункт 10 жылдан бері жұмыс істейді. Бұл пилоттық қалашық қызметкерлерге жедел медициналық көмек көрсету мақсатында, сондай-ақ Орынбор тас жолында болатын жол-көлік оқиғалары кезінде, пилоттық қалашыққа іргелес аумақта төтенше жайдай оқиғалары орын алған жағдайда зардап шеккендерге қызмет көрсету үшін құрылды. Біздің бригада науқасты Ақсай қаласындағы кен орнының басқа объектілерінен тасымалдау қажет болған кезде де шақырылады. Мұндай жағдайларда біз оқиға салдарынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін  дереу нысанға барамыз.

Біздің командамызда менімен қоса, Дина есімді фельдшер, «Жедел жәрдем» көлігінің жүргізушілері – Асхат пен Ермек жұмыс істейді. Күн сайын таңертен және кешке ауысым алдындағы, ауысымнан кейінгі медициналық тексерулерден 100-ге жуық жұмысшы өтеді. Егер науқастар шағыммен келсе, біз оларды тексеру бөлмесінде қабылдаймыз, барлық өмірлік маңызды функцияларды тексереміз және алғашқы медициналық көмек көрсетеміз. Кейде ауыр науқастар келеді. Мұндай жағдайларда біз оларды жансақтау бөліміндегідей жабдықталған жедел медициналық көмек көрсету бөлмесіне ауыстырамыз. Палатада шұғыл көмек көрсетуге және науқастың өмірін сақтауға арналған барлық қажетті жабдық, дәрі-дәрмек пен препараттар бар. Олар - шприцтер, көктамырішілік катетерлер, жүйелер, интубациялық түтіктер, дефибриллятор, мониторлар, ЭКГ, оттегі аппараты, желдеткіш, қосымша оттегі және т.б.

Шынында да, біздің компанияның нысандарында жұмыс істейтін қызметкерлер бізді таниды, біз қызмет алушылардың әрқайсысын білеміз. Жұмысшылардың үйлеріне аман-сау оралуы үшін бар күшімізді саламыз. Бұл - жұмысымыздың ең маңызды көрсеткіші», – дейді ҚПО пилоттық қалашығының «Жедел жәрдем» дәрігері Игорь Тулиев.

3

ҚПО пилоттық қалашығының «Жедел жәрдем» дәрігері Игорь Тулиев, жобада 2000 жылдың тамыз айынан бастап жұмыс істейді.

ҚПО пилоттық қалашығының «Жедел жәрдем» фельдшері Дина Мәмбешова, 9 жыл жұмыс өтілі бар.

«Жедел жәрдем» көлігінің жүргізушісі Асхат Жармағамбетов, 15 жыл жұмыс өтілі бар.

Ермек Самеев – «Жедел жәрдем» көлігінің жүргізушісі, 1,5 жыл жұмыс өтілі бар.

ҚПО компанияның барлық қызметкерін медициналық сақтандырумен қамтамасыз
етеді. Сақтандыру кепілден-дірілген тегін медициналық көмек пен міндетті медициналық сақтандыруға қоса, барлық медициналық қызметтің шығынын өтейді.

Медициналық сақтандыру амбулаториялық-емханалық көмектен бастап, стационарлық емдеу, дәрі-дәрмектер мен стоматологиялық қызметтердің шығындарын өтеуге дейінгі бірқатар қызметті қамтиды. Созылмалы аурулары бар жұмысшылар тұрақты тексеріліп тұрады, ем алу үшін диспансерлік бақылауға жіберіледі.

Компанияға жұмысқа жаңадан қабылданған барлық адам медициналық тексеруден өтеді, ал жұмысы қауіпті деп танылған қызметкерлер ҚР заңнамасына сәйкес жыл сайын мерзімді медициналық тексеруден өтеді.

Тағы бір айта кететіні, қызметкерлер тек белгілі бір кезеңде ғана емес, кез келген ыңғайлы уақытта медициналық тексеруден өте алады. Процедура IOGP нұсқаулығына сәйкес келеді. ҚПО-дағы бұл қызметті барлық рұқсат құжаттары бар мердігер ұйым жүргізеді.

Компания кен орнында жұмыс істейтін қызметкерлерге міндетті медициналық тексерулерден басқа, тегін профилактикалық тексерулер ұйымдастырады. Бұл скрининг адамның денсаулық жағдайын бақылауға және ауруларды ерте кезеңде анықтауға көмектеседі. Бұл тексерулердің нәтижелері қызметкердің жұмысқа жарамдылығын анықтау үшін пайдаланылмайды.

Денсаулыққа төнген қауіп-қатерді бағалау - ҚПО денсаулық сақтау жүйесінің негізгі аспектісі болып табылады. Басшылық денсаулыққа төнген қауіп-қатердің алдын алу шараларын жүзеге асырады, бұл іс-шаралардың орындалуы Synergi дерекқорының көмегімен бақыланады.

2019 жылы «Шелл» компаниясының сарапшылары ҚПО өнеркәсіптік гигиена қызметі жүйесінің халықаралық стандарттарға сәйкестігіне талдау жүргізді. Талдау нәтижесінде зиянды факторларды неғұрлым толық қамту, тәуекелді дәлірек анықтау мақсатында денсаулық тәуекелдерін бағалау әдістемесіне өзгерістер енгізу ұсынылды. 2020 жылы денсаулыққа төнген қауіп-қатерді бағалау жұмыстары өтінімдер бойынша жүргізілді және жұмыс орнының эргономикасын бағалауды қамтыды.

4

Мұнай кәсіпшілігі – денсаулықты жүйелі тексеріп тұруды талап ететін бірқатар зиянды факторлары бар қауіпті өндіріс (күкіртті сутегі, химиялық реагенттер, климаттық факторлар, биологиялық, психоәлеуметтік факторлар және т.б.). ҚПО-дағы бұл үдерістер жақсы реттелген және сенімді бақылау механизмдерімен қамтамасыз етілген. Осы бағыттағы жүйелі жұмыстың арқасында 2013-2021 жылдар аралығында ҚПО-да кәсіптік аурулар диагнозы қойылмаған.

Альфия Шамаева,

zhaikpress.kz,

Фото Эльвира Меңдіғали

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале