16.03.2021, 22:51
Оқылды: 587

"Қызыл аймақта" карантин күшейді

Облысымызда індет жұқтырғандар мен қайтыс болғандар саны артып, матрица кестесі бойынша "қызыл аймаққа" енді. Өңірде соңғы тәулікте 51 адам індет жұқтырса, КВИ-ден қайтыс болғандар саны 219-ға жеткен. Соған орай карантиндік талаптар күшейтілмек. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Ғали Есқалиевтің төрағалығымен өткен штаб отырысында айтылды.

396F17F8-4481-49F3-9B10-EFB324B04D75

- Жыл басынан бері облыста КВИ-ге 4657 адам шалдықса, 50 адам коронавирус індетінен қайтыс болды. Нақтырақ айтсақ, қаңтарда 28 адам, ақпанда - 15, наурызда жеті адам қайтыс болып отыр. Індет жұқтырғандардың 34 пайызы 80 жастан асқандар, 28 пайызы 40-65 жас аралығындағылар болса, 24 пайызы 65-80 жас аралығындағылар. КВИ-ге шалдыққандардың дені Оралда, одан кейін Бөрлі, Бәйтерек, Теректі аудандарында тіркеліп отыр. Ауру жұқтыру ошақтары деп індет жұқтырған отбасылар, қоғамдық көліктер, жұмыс орындары мен сауда үйлерін, отбасылық шараларды айтар едік. Індетті жұқтырғандардың 37,4 пайызы жұмыс жасайтындар, 24 пайызы зейнеткерлер, 17 пайызы жұмыссыздар мен 8,7 пайызы оқушылар арасында және 3,2 пайыз медицина қызметкерлері мен мұғалімдер арасында тіркеліп отыр. Үшінші тоқсан басталғалы 334 оқушы коронавирус жұқтырған. Облыста 7 жұқпалы аурулар стационары мен 13 ПТР зертханасы жұмыс жасауда,- деді облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев.

DF272484-20EF-4918-9A92-B408C6B189EB

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Арман Қалибековтың айтуынша, өңірімізге 4 наурызда 6500 дозадан тұратын вакцинаның екінші партиясы жеткізілген. Оның 3250 дозадан тұратын алғашқы компонентінің 1210-ы егілген. Яғни дені дәрігерлерге, сондай-ақ 322-сі педагогтерге, 40-ы күштік құрылымның өкілдеріне. Тәулігіне 200 адамға, аптасына 1000 тұрғынға екпе салу жоспарланған. Вакцина осы қарқынмен салынатын болса екпенің алғашқы компоненті 5 сәуірге таман аяқталмақ.

D8D2236E-E2FC-4198-A0F1-B2F2DE4C54C3

Жиынды қорытындылаған облыс әкімі Ғали Есқалиев індеттің алдын алу шаралары мен мониторинтік топтың жұмысын ширатуды, мерекелік жиындарды шегеруді тапсырды.

Гүлсезім Бияшева,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале