26.08.2022, 15:18
Оқылды: 96

Лондондағы Биг-Бен сағаты тоқтап қалды

Ұлыбританияның басты символдарының бірі – Биг Бен мұнарасындағы сағат техникалық ақауларға байланысты тоқтап қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Political Lore-ге сілтеме жасап.

3

Фото: www.politicallore.com

«Бүгін Елизавета мұнарасындағы сағаттың тілі уақытты дұрыс көрсетпей тұрғанын байқаған боларсыз. Сағаттың негізгі компоненттерін жөндеу үшін оның жұмысын тоқтатуға тура келді», - делінген Британия Парламентінің Twitter-дегі ресми парақшасында.

Сағат көп ұзамай қайта іске қосылады деп жоспарланып отыр.

Биіктігі 96 метрлік Вестминстер сарайының сағат мұнарасын 1856 жылы ағылшын сәулетшісі Август Пугин салған. Мұнара Виктория дәуірінің ескерткіші саналады және ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілген.

Салмағы 13,7 тонна болатын Биг-Бен қоңырауы әр сағат сайын, ал қосымша қоңыраулары әр 15 минут сайын соғылады. 157 жыл бойы қоңырау үзіліссіз дерлік жұмыс істеп келді.

Дегенмен, 2017-2021 жылдар аралығында Биг-Бендегі сағатқа жөндеу жүргізілді. Мұнараға жеделсаты орнатылып, сағаттың бетіне диод жарықтары ілінді, ал механизмі қалпына келтірілді.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале