1.03.2022, 14:50
Оқылды: 94

Лукашенко: Беларусь Украинадағы арнайы операцияға қатысуды жоспарлап отырған жоқ

Беларусь Украинадағы арнайы операцияға қатысуды жоспарлап отырған жоқ. Бұл туралы ел президенті Александр Лукашенко Қауіпсіздік кеңесінің мүшелерімен кездесуде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Белтаға сілтеме жасап.

photo_95282

Лукашенко қазір операция бес бағытта жүргізіліп жатқанын айтты: Қырым, Донецк, Лугансктен Киев, Чернигов, Харьков бағытында.

"Сонымен қатар, беларусь армиясы соғыс қимылдарына қатысқан жоқ және қатыспайды. Мұны кез келгеніне дәлелдей аламыз.", - деді ол.

 "Оның үстіне Ресей басшылығы қарулы қақтығысқа қатысуымыз туралы мәселені ешқашан көтерген емес. Украинадағы бұл арнайы операцияға қатысуды жоспарлап отырған жоқпыз. Ондай қажеттілік жоқ. Өз күштерімізбен Бресттен Мозырға дейінгі мемлекеттік шекараны жауып, елге радикалдар мен қару-жарақтардың әкелуіне жол бермейміз", - деді Лукашенко.

Бұған дейін Беларусь әскерлері Ресейдің Украинадағы операциясына қатыспайтыны, бірақ қажет болған жағдайда келуі мүмкін екені айтылған болатын.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале