21.02.2024, 17:15
Оқылды: 118

М. Өтемісов атындағы БҚУ ғалымы «Жас ғалым» тұрғын үй бағдарламасы бойынша баспаналы болды

Оқытушы, жас ғалым Бибігүл Тулегенова «Жас ғалым» тұрғын үй бағдарламасы бойынша үш бөлмелі пәтердің кілтін алып, қуанышқа бөленді. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

b5319c9db8bc1a18b47e647ae0c146c8_1280x720

«Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі, жас ғалым Бибігүл Тулегенова М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің ректоры Нұрлан Сергалиев қуанышымен құттықтап, ақ тілегін арнады.

«Отбасымның атынан Президент Қасым-Жомарт Кемелұлына біздің ғалымдарымыздың алдында ашылып жатқан мүмкіндіктер үшін шын жүректен алғысымды білдіргім келеді. Сондай-ақ бастапқы жарна 10%, жылдық мөлшерлеме 5%-ға тұрғын үй сатып алу мүмкіндігін беріп отырған Ғылым және жоғары білім министрлігіне де рахмет. Менің ойымша, бұл жас ғалымдар үшін үлкен мотивация», - дейді Бибігүл Тулегенова.

Бибігүл Тулегенова ғылыми жоба аясында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің ғалымдарымен бірлесіп «Кәсіби білім беруді цифрландыру жағдайында part-time оқыту» тақырыбында зерттеу жұмысын жүргізіп жатыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале