4.05.2024, 9:01
Оқылды: 87

Мағжан Шамшадин Grand Slam турнирінің күміс жүлдегері атанды

"Дзюдодан Душанбеде (Тәжікстан) өтіп жатқан Grand Slam турнирінде қазақстандық Мағжан Шамшадин күміс медаль иеленді", - деп хабарлайды Olympic.kz.

1714741160

Фото: olympic.kz

60 келі салмақтағы финалдық бәсекеде Шамшидин тәжікстандық Мұхаммедсалех Куватовпен кездескен болатын.Белдесу Куватовтың жеңісімен аяқталды. Тәжік балуаны "иппон" ұпайымен жеңіске жетті.

Ал бұл Мағжанның ұзақ үзілістен кейін қатысқан алғашқы жарысы. Шамшидин былтырғы қарашадан бері жарақатына байланысты татамиге шыққан жоқ.

Осылайша, қазақстандық спортшы турнирдің күміс жүлдегері атанып отыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале