13.04.2021, 9:22
Оқылды: 196

Мақсат – трассадағы түйткілдерді тарқату

Осыдан жеті-сегіз жыл бұрын Елбасының Орал өңіріне келген сапарында мәлім болған бір жан түршігерлік дерек жадымызда жатталып қалыпты. Сол кезде Ақ Жайық аймағында созылмалы ауруы бар сырқаттардан гөрі, жол-көлік оқиғасы салдарынан көз жұмған және ауыр жарақат алған адамдардың саны көбірек екендігі белгілі болған еді. Содан бері де мұндай қайғылы статистиканың айтарлықтай өзгере қоймағаны өкінішті-ақ.

88845911864f6709e

Айталық, бұған дейінгі жасалған талдаулар мен журналистік зерттеулер өңір аумағында орын алған жол-көлік оқиғаларының басым бөлігі республикалық маңызы бар Атырау-Орал автожолының бойында болғанын көрсетеді. Мұның себебі мен салдары қандай деген сауалдар еріксіз туындайды.

Бұл орайда облыстық «Орал өңірі» газетінің 2021 жылғы 13 сәуірдегі №29 санында танымал журналист Темір Құсайын «Мақсат – трассадағы түйткілдерді тарқату» мақаласында мәселе көтереді. Оқыңыз, оқырман!

 

zhaikpress

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале