9.02.2023, 10:45
Оқылды: 73

Мамандандырылған ХҚО-лардың жұмыс кестесі өзгерді

Автокөліктерді заңдастыру бойынша өтініштердің азаюына байланысты, Мемлекеттік корпорация мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесінің өзгергерді. Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі хабарлады.

8719c86b-7910-4d53-9724-1b2e62b10e06

Шетелдік автокөліктерді заңдастыруға қатысты мемлекеттік қызмет көрсететін МХҚО-лар азаматтарды жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін, сенбі күні сағат 9:00-ден 14:00-ге дейін қабылдайды.

Айта кетейік, Алматы, Астана, Шымкент, Ақтау, Ақтөбе, Тараз және Орал қалаларында МХҚО-лардың жұмыс кестесі өзгеріссіз қалады. Осы қалаларда МХҚО-лар жұмыс күндері сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі күні сағат 9:00-ден 14:00-ге дейін қабылдайды.

Орталықтар жаңа жұмыс кестесі бойынша 6 наурызға дейін жұмыс істейді. Өзгерістер болса қосымша хабарланады.

Естеріңізге сала кетейік, 23 қаңтарда елімізде шетелдік автокөліктерді заңдастыру басталды.

Бұл қызмет 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін көрсетіледі. Мемлекеттік корпорацияның ресми сайтында автокөлікті заңдастыратын МХҚО-лардың мекенжайларының тізімі жарияланған.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале