2.12.2022, 15:15
Оқылды: 83

Мамандар елімізде тағамға қосылатын тұздың мөлшерін азайтуға кеңес берді

Қазақстанда азық-түлік өнімдерінде тұздың мөлшері тым көп кездеседі. Оның салдарынан созылмалы аурулар асқынып отыр. Бұл туралы Сенат депутаты Ақмарал Әлназарова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

7-9

Фото дереккөзі: 7kun.kz

Оның айтуынша, Қазақстанда тағамдарға тұз тым көп мөлшерде қосылады. Яғни Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған қауіпсіз деңгейден 4 есе жоғары болып тұр.

«Осының салдарынан артериялық гипертензия мен жүрек-қан тамыры ауруларының, II типті қант диабетінің және онкологиялық аурулардың кейбір түрлерінің өршуіне қатысты негізгі қауіп факторларының бірі болып отыр», - деді А. Әлназарова Сенаттағы Үкімет сағатында денсаулық сақтау мәселесін талқылау кезінде.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тұзды тағамға қосу деңгейін азайтуға қатысты белгілеген нұсқауына сәйкес, 2025 жылға қарай тұзды пайдалануды 30%-ға азайту қажет.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстанда нан және тоқаш өнімдеріндегі тұздың мөлшері төмендетілмек.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале