12.04.2022, 23:00
Оқылды: 333

Мамандық бар - Отанды қорғау деген!

Бүгінде отандық білім беру жүйесінде кәсіби кадрларды даярлау бойынша басты міндеттер нақты айқындалған. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2021 жылғы 1 қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдауында қазақстандықтардың болашақ ұрпағын тәрбиелеуде, азаматтардың тез өзгеретін әлемде жоғары білім деңгейі мен бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыруда еліміздің оқу орындарының маңызды рөлін тағы да атап өтті.

IMG-20220412-WA0172

Жыл сайын елімізде 150 мыңға жуық оқушы 11-сыныпты бітіруде. Жасөспірімдердің көпшілігі мамандық таңдауға келгенде дағдарып қалады. Жас жігіттің болашақ тағдыры осы таңдаудың дұрыстығына байланысты.

Жоғары білікті әскери мамандарды даярлау саласында Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құрылымдары үшін офицерлерді даярлайтын Ұлттық ұлан академиясы ерекше көзге түседі.

IMG-20220412-WA0173

Академияның тарихы 1997 жылдың көктемінен бастау алады, ол кезде ел Президенті Петропавл қаласында Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлерінің жоғары әскери училищесін құру туралы шешім қабылдады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 1997 жылы ол жүзеге асырылды. Осы жылдың 20 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Нұрсұлтан Назарбаев Жауынгерлік Туды тапсыра отырып: «Мен Солтүстік климаттық жағдайларда тәрбиеленіп, оқытылған курсанттардың нағыз әскери шынығуға ие болатынына және болашақта Қазақстан Республикасы Ішкі әскерлерінің жаңа офицерлік корпусының негізін құрайтынына сенімдімін», - деп атап өтті.

25 жылдық тарихында оқу орны 4 мыңға жуық жас офицерлерді шығарды, олардың 270-і оқуды үздік бітірді, 49-ы «Әскери университетті үздік бітіргені үшін» төсбелгісімен марапатталды.

Академия жеті мамандық бойынша, әскери қызметтің түрлі бағыттары мен қамтамасыз ету түрлері бойынша офицерлерді дайындайды. Қазіргі уақытта академия түлектері ҚР Қорғаныс министрлігі, ҚР ҰҚК Шекара қызметі, ҚР ТЖМ, ҚР Мемлекеттік күзет қызметі бөлімдерінде және ҚР ІІМ мен ҰҚК арнайы мақсаттағы бөлімшелерінде сұранысқа ие. 2009 жылдан бастап академия әскери кадрларды даярлау бойынша халықаралық деңгейге шықты. Үкіметаралық шарттарға сәйкес оқу орнында Қырғызстан мен Тәжікстаннан келген курсанттар оқиды.

Академияда жеке тұлғаны дамыту, жоғары адамгершілік және әскери-кәсіби қасиеттерді қалыптастыру үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған, қазіргі заманғы талаптарға жауап беретін оқу-материалдық және техникалық базаны жақсарту бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілуде.

Жоғары әскери білім алу үшін Ұлттық ұлан академиясын таңдай отырып, жастар өзін-өзі жүзеге асырудың кең мүмкіндіктерін, лайықты өмір сүру деңгейін, жоғары әлеуметтік мәртебесін таңдайды.

IMG-20220412-WA0174

Қазіргі уақытта біздің жоғарғы оқу орнымызда Батыс Қазақстан облысынан 100 -ден астам курсант білім алуда.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан академиясы 2022 оқу жылына курсанттарды қабылдауды бастайды. Академияға түсуге ниет білдірушілер тұрғылықты жері бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы әскери бөлімдеріне өтініш береді. Оқу барысында курсанттар күніне үш рет тегін тамақпен, ақшалай үлеспен, формалық киім-кешекпен, қажетті оқу әдебиеттерімен, соның ішінде нормативтік құжаттарға сәйкес бірқатар басқа да жеңілдіктермен қамтамасыз етіледі.

Офицерлер корпусы әрдайым қоғамның элитасы болып, өскелең ұрпаққа үлгі болып келеді. Әскери іс көбінесе басқа азаматтық мамандықтың «деңгейінен» асып түсетін деңгейдегі білімді талап етеді. Біздің оқу орнымыздың қабырғасында  алған адамгершілік қасиеттер, ақыл-ой және физикалық қабілеттер өз ісінде бағалы маман болуға және қоғамда лайықты орын алуға мүмкіндік береді. Бұл ретте Сізге біздің ЖОО-да жиналған үздік педагогтар, командирлер, мамандар көмектеседі.

Әскери білім – қазақ елінің рухты азаматтарының дұрыс таңдауы!

Мерген Ғаниев,

ҚР Ұлттық ұлан

академиясының 2 оқу батальон курсанты, қатардағы жауынгер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале