10.09.2024, 15:45
Оқылды: 106

МӘМС жарналарын бір жылға алдын ала кімдер төлей алады?

МӘМС-ке жылдық жарналарды тек дербес төлеушілер ғана жасай алады. Дербес төлеушілер деп ресми жұмысқа орналаспаған және жеке кәсіпкер емес адамдар саналады. Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының БҚО бойынша филиалы хабарлады.

6D72C2BC-C9E8-4ADA-AF5B-048F1FAE3ADB

Сурет: freepik.com

Жылдық жарналардың мөлшері қандай?

  • МӘМС-ке жылдық жарналар 51 000 теңгені құрайды, яғни әр айға жеке 4 250 теңгеден төлеу керек.

Өз бетінше төлеушілер үшін МӘМС жарналарын төлеуді қалай жүзеге асыруға болады?

  • Төлем осы айдан басталуы керек. Мысалы, қазір 2024 жылдың қыркүйек айы десек, жарналар 2024 жылдың қыркүйегі мен 2025 жылдың тамыз аралығына төленуі керек.

Сақтандыру мәртебесі қаншалықты тез беріледі?

• Егер:

- алдағы 12 ай үшін (өтіп жатқан айдан бастап) жарналар төленсе;

- барлық 12 төлем сол күні жасалса сақтандыру мәртебесі үш жұмыс күні ішінде беріледі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале